Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (16) Өлеңдер (15) Мақал-мәтелдер (19) Ұлағатты сөздер (2) Әзіл, анекдоттар (3)

Мысықтың өлімі - тышқанға той.

Ілмектер: өлім, мысық, тышқан, той

Мысық жоқта тышқан төбеге шығады.

Ілмектер: жануарлар, мысық, тышқан

Ханның ісі қараға түсер,
Батырдың ісі балаға түсер,
Байдың ісі кедейге түсер,
Бәйбішенің ісі тоқалға түсер,
Арыстанның ісі тышқанға түсер,
Ердің ісі баз-базында дұшпанға түсер.

Ілмектер: хан, батыр, бай, бала, бәйбіше, тоқал, арыстан, тышқан, ер, дұшпан

Бүркіт қартайса — тышқаншыл.

Ілмектер: қарттық, қартаю, тышқан, бүркіт

Тышқан ініне ене алмай жүріп,
Құйрығына қалжуыр байлайды.

Ілмектер: тышқан, ін, пейіл, ынсап

Өлі арыстаннан тірі жүрген тышқан артық.

Ілмектер: тышқан, арыстан

Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.

Ілмектер: мысық, тышқан, ойын, өлім

Өлген соң арыстаннан тышқан артық,
Қадір білмес досыңнан дұшпан артық.

Ілмектер: дос, қадір, арыстан, тышқан, дұшпан

Ол жерде тышқан да таяқпен жүреді.

Ілмектер: жер, тышқан, парсы мақалы

Жауың тышқан болса,
Арыстан деп қара.

Ілмектер: жау, тышқан, арыстан

Тау толғатып,
Тышқан туды.

Ілмектер: тау, тышқан, парсы мақалы

Жүз мысыққа бір тышқан.

Ілмектер: мысық, тышқан, парсы мақалы

Ініне кіре алмай жүріп, тышқан құйрығына сыпырғыш байлап алыпты.

Ілмектер: ін, тышқан, сыпырғыш, сыпырғы, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Диірменде туған тышқан
Күн күркіреуінен саспайды.

Ілмектер: диірмен, тышқан

Арыстан қартайса, тышқан інін аңдиды.

Ілмектер: арыстан, қарттық, тышқан, ін

Бір байдың жұртына екі тышқан таласыпты.

Ілмектер: бай, талас, тышқан, қырғыз мақалы

Тышқан ініне кіре алмай жүріп, құйрығына қалжауыр.

Ілмектер: тышқан, аң, ынсап, пейіл, ұят, ұрлық

Ажалы жеткен тышқан
Мысықтың ернін тартып жатады.

Ілмектер: ажал, ерін, мысық, тышқан

Ажалы жеткен тышқан
Мысықтың үстіне секіреді.

Ілмектер: ажал, өлім, мысық, тышқан