Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (161) Ұлағатты сөздер (23) Әзіл, анекдоттар (1)

Сыйынғаныңнан сүйенгенің күшті болсын.

Ілмектер: сыйластық, сүйген, туыс, ағайын

Мыңнан жүзін білгенше,
Бірдің атын біл.

Ілмектер: мың, жүз, туыс, есім

Келер кезек, терме тезек.

Ілмектер: кезек, отбасы, туыс

Көрмесе жат, көріспесе ұят.

Ілмектер: жат, туыс, ұят

Танымас, танымасын сыйламас.

Ілмектер: туыс, ағайын, сыйластық

Ағайында алтау болсаң, адам тимейді,
Тура жүрсең, лебізің күймейді.

Ілмектер: ағайын, туыс, татулық, ынтымақ

"Сіз", "біз" - деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.

Ілмектер: ағайын, туыс

Ине өткен жерден жіп өтер.

Ілмектер: отбасы, туыс, жанұя

Төркін десе қыз төзбейді,
Көкпек десе түйе төзбейді.

Ілмектер: төркін, қыз, түйе, отбасы, туыс, жанұя

Апасының киген тонын сіңлісі де киер.

Ілмектер: апа, сіңлі, отбасы, туыс, жанұя

Ата – баланың қорғаны.

Ілмектер: ата, бала, қорған, отбасы, туыс, жанұя

Атаға баланың алалығы жоқ.

Ілмектер: ата, бала, отбасы, туыс, жанұя

Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.

Ілмектер: құлын, отбасы, туыс, жанұя

Сақау баланың тілін шешесі біледі.

Ілмектер: сақау, бала, ана, отбасы, туыс, жанұя

Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.

Ілмектер: бала, мазақ, отбасы, туыс, жанұя

Бала, баланың ісі шала.

Ілмектер: бала, іс, отбасы, туыс, жанұя

Балам – балым,
Баланың баласы – жаным.

Ілмектер: немере, отбасы, туыс, жанұя

Атаның көңілі балада,
Баланың көңілі далада.

Ілмектер: ата, бала, көңіл, отбасы, туыс, жанұя

Бала қадірін балалы болғанда білерсің.

Ілмектер: бала, қадір, отбасы, туыс, жанұя

Балаға пышақ бермесең бір жылар,
Берсең екі жылар.

Ілмектер: бала, пышақ, жылау, отбасы, туыс, жанұя