Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (17) Өлеңдер (3) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (242) Ұлағатты сөздер (26) Әзіл, анекдоттар (2)

Тауы жоқ болса, тасқа қорлық.
Жеушісі жоқ болса, асқа қорлық.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Дәм мен дидар ғанибет.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Тас әулие,
Тастай жанды балқытатын ас әулие.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Жас қымыздың қызуы түске шейін,
Желігі кешке шейін.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Жеп жарымаған,
Ішіп жарымайды.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Сырдың әр қамысының
Түбінде бір кесек от жатады.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Адам айдаса барман,
Дәм айдаса қалман.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Таспен атқанды аспен ат.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Асты түскен кезінде жейді.
Егінді піскен кезінде орады.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Тоймай ішсең,
Көршіңнің көңілін аулайсың.
Тойып ішсең,
Бұтаның түбін аулайсың.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Сүлейе тойған сұмдық түс көрер.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Шірігенге шыбын үйір.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Тату үйдің тамағы тәтті.

Ілмектер: тамақ, татулық, үй

Аз ас, көп ниет.

Ілмектер: ас, тамақ

Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.

Ілмектер: ас, тамақ, арпа, бидай

Ерді көрсең қыдыр тұт,
Асты көрсең қадыр тұт.

Ілмектер: ер, ас, тағам, тамақ

Қасықтап жинап,
Шөміштеп төкпе.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ, қасық, нәсіп, ысырап

Бермес астан дәметпе.

Ілмектер: ас, тамақ

Тойган тамақ түске жетпес,
Ықьшас естен кетпес.

Ілмектер: тамақ, ас, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Тамақ тоқ,
Көйлек көк,
Уайым жоқ.

Ілмектер: тамақ, ас, тоқшылық, уайым, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар