Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (36) Ұлағатты сөздер (10)

Өсер өзін сыйлайды,
Өспес өзгені сыйлайды.

Ілмектер: сый, сыйлау

Халықтың қартын сыйлауы,
Еліңнің салтын сыйлауы.

Ілмектер: сый, құрмет, халық, қарт, ел

Халық келiп-кеткендi сыйламайды,
Қиылып қызмет еткендi сыйлайды.

Ілмектер: халық, сый, қызмет

Азан айтпақ молдаға сый.

Ілмектер: азан, молда, сый

Азға қанағат қылғанды
Барлық жерде сыйлайды.

Ілмектер: сый, құрмет, қанағат

Қырандарын қинаған – даласын да сыйламас, ұландарын қинаған – данасын да сыйламас.

Ілмектер: қыран, дала, ұлан, сыйлау, сыйластық, сый

Ақыл — Алланың сыйлығы.

Ілмектер: ақыл, сый, Алла

Аңқау қонақ үй иесін сыйлайды.

Ілмектер: аңқау, қонақ, үй, сый

Атасын сыйласаң, баласын сүй,
Иесін сыйласаң, итіне сүйек сал.

Ілмектер: сый, құрмет, ит, сүйек, бала, сүю

Әдемі киім өзіңе, тәтті асыңды елге бер,
Қонақ күтіп сыйласаң, атың шығып ел кезер.

Ілмектер: әдемі, киім, тәтті, ас, ел, қонақ, сый

Әркім сыйлағанның құлы.

Ілмектер: сый, құрмет, құл

Біліктіні білігі үшін сыйлайды.

Ілмектер: біліктілік, білікті, сый, құрмет

Сыйлай білсең кәріні,
Жарылқаймын бәріңді.

Ілмектер: сый, құрмет, қарт, кәрі

Орны мен мақтай біл,
Сый құрметін сақтай біл.

Ілмектер: мақтау, сый, құрмет

Сыйлау деген -
Құрдай жорғалау емес.

Ілмектер: сый, құрмет, жорғалау

Сыйластық екі жаққа бірдей.

Ілмектер: сый, тәрбие, өнеге