Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (31) Өлеңдер (16) Жоспарлар (22) Мақал-мәтелдер (173) Ұлағатты сөздер (41) Әзіл, анекдоттар (1)

Бір кісі қазған құдықтан
Мың кісі су ішеді.

Ілмектер: су, құдық

Бұлақ көрсең, көзін аш.

Ілмектер: бұлақ, су

Таза болсаң, судай бол
Бәрін жуып кетірген.
Жақсы болсаң, жердей бол
Бәрімізді өсірген.

Ілмектер: су, жер, таза

Сөз анасы — құлақ
Жол анасы — тұяқ.
Су анасы — бұлақ.
Көз анасы — шырақ.

Ілмектер: жол, су

Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.

Ілмектер: кеме, үнемшілдік, ысырап, ысырапшылдық, су

Бұлт өзеннен су алса ғана жауады.

Ілмектер: бұлт, өзен, су

Су — ырыстың көзі,
Еңбек — кірістің көзі.

Ілмектер: су, ырыс, еңбек

Судағы қайыққа сенбе (кемеге)
Қойныңдағы қатынға сенбе,
Астыңдағы атыңа сенбе.

Ілмектер: су, қайық, қатын, сенім

Қасқыр мен қой бір жерден су ішпес.

Ілмектер: қасқыр, қой, су, парсы мақалы

Суы бардың — буы бар.

Ілмектер: су

Сыйласқанның суын іш.

Ілмектер: сыйластық, су

Ісім жақсы деме,
Көпке ойлат.
Суды саяз деме,
Құрығыңды бойлат.

Ілмектер: іс, көп, су