Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (31) Өлеңдер (16) Жоспарлар (22) Мақал-мәтелдер (173) Ұлағатты сөздер (41) Әзіл, анекдоттар (1)

Айдап сал жаққан от жанса,
Сақтықтың суын сеп.

Ілмектер: сақтық, су, от

Ақ көт, қара көт суға түскенде мәлім болар.

Ілмектер: су, мәлім

Аспаннан Әбілхаят суы жауса да,
Тал ағаш жеміс бермейді.

Ілмектер: аспан, су, тал, ағаш, жеміс

Ат, атаның сай болса,
Қашсаң, жаудан кетерсің.
Кетпен, шотың сай болса,
Қазсаң, суға жетерсің.

Ілмектер: кетпен, су, жау, шот

Әл үстінде жатқан адамның
Аузына мақтамен су тамызады.

Ілмектер: әл, денсаулық, мақта, су, адам, тамызу

Балықтың тірлігі суменен.

Ілмектер: балық, тірлік, су

Балалар ойнап жүріп су төгеді,
Қарттар тайып жамбасын сындырады.

Ілмектер: бала, ойын, қарт, жамбас, сынық, су

Балық ала алмаған суды былғайды.

Ілмектер: балық, су

Бармақтай бақыт қара суды теріс айналдырған ақылдан артық.

Ілмектер: бақыт, су, қара, ақыл, артық

От — арық, су — семіз.

Ілмектер: от, су

Шешінген судан тайынбас.

Ілмектер: су

Сусыз өмір - тұзсыз аспен тең.

Ілмектер: су, өмір, тұз, ас

Жылай-жылай арық қазсаң,
Күле-күле су ішерсің.

Ілмектер: еңбек, су

Су аққан жерінен ағар,
Шөп шыққан жеріне шығар.

Ілмектер: су, жер, шөп

Сылдырсыз аққан судан без.

Ілмектер: су, сылдыр

Су анасы - бұлақ, сөз иесі - құлақ.

Ілмектер: су, ана, бұлақ, құлақ, ие

Өрт нақ қызғанда,
Су тапқызбайды.

Ілмектер: өрт, су, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Жүре-жүре арық қазсаң,
Күле-күле су ішерсің.

Ілмектер: еңбек, су, егіншілік

Тау мен тасты су бұзады,
Азаматты сөз бұзады.

Ілмектер: тау, тас, су, сөз, азамат

Бір кісі қазған құдықтан
Мың кісі су ішеді.

Ілмектер: су, құдық