Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (31) Өлеңдер (16) Жоспарлар (22) Мақал-мәтелдер (173) Ұлағатты сөздер (41) Әзіл, анекдоттар (1)

Ақпа құлаққа айтқан сөз - құмға құйған судай,
Құйма құлаққа айтқан сөз - гүлге құйған судай.

Ілмектер: тыңдац, құлақ, су, гүл

Су тасыса жиегіне,
Ер тасыса еліне.

Ілмектер: су, ер, ел

Суға да, буға да
Жібімейтін жебір.

Ілмектер: су, бу, парсы мақалы

Сулы жер, нулы жер —
Құс біткенге туған жер.

Ілмектер: су, ну, құс, туған жер, парсы мақалы

Бұлақ суын теңіз төрге сүйрейді.

Ілмектер: су, бұлақ, теңіз, төр

Су кешпей кебісіңді шешпе.

Ілмектер: су, кебіс, ауған мақалы

Еділ ел болып келгенге су болады,
Едірейіп келгенге, у болады.

Ілмектер: у, су, ел

Жабықтан күні жарқырап,
Жайықтан суы сарқырап.

Ілмектер: күн, су, ел, халық

Шешенің судай төгілген,
Тыңдаушың бордай егілген.

Ілмектер: су, адам

Әлiм келсе,
Арыс суын байлар ем.

Ілмектер: әл, су

Суатсыз жерден суға түспе,
Буынсыз жерге пышақ ұрма.

Ілмектер: суат, су, пышақ

Алақанына су да тамбайды.

Ілмектер: алақан, су, парсы мақалы

Жер тегіс болса,
Су сылдырап ақпас еді.

Ілмектер: жер, су, парсы мақалы

Екі күннен кейін жаңа құмыраның суы да суып кетеді.

Ілмектер: күн, құмыра, жаңа, су, парсы мақалы

Суға түспей,
Теңіз кешпейсің.

Ілмектер: су, теңіз, парсы мақалы

Теңізге барса да, суы құрып кетеді.

Ілмектер: теңіз, су, парсы мақалы

Көзеші сынық көзеден су ішеді.

Ілмектер: су, парсы мақалы, көзеші

Бірі – от та,
Бірі – су,
Қиын болар ұғысу.

Ілмектер: мінез, парсы мақалы, от, су

Алдымен су мен нанды ойла,
Содан кейін ойна.

Ілмектер: су, нан, ойлау, парсы мақалы

Су мен отта
Татулық жоқ.

Ілмектер: су, от, татулық, парсы мақалы