Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (19) Өлеңдер (88) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (31) Ұлағатты сөздер (67)

Сұқтанба қапыда “сұлу” деп құр бетке,
Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе.

Ілмектер: сұлу, бет, ақыл, жүрек

Жүректің жолы — ыстық,
Білектің жолы —суық.

Ілмектер: жүрек, адам

Жүрегіңнің жұмбағын
Жүзің шешіп береді,
Жүзің шешіп бермесе,
Сөзің шешіп береді.

Ілмектер: сөз, жүрек, адам

Ақымақтың ақылы білегінде,
Ақылдының ақылы — жүрегінде.

Ілмектер: ақыл, жүрек

Жүрек сүю үшін жаралған,
Көңіл түю үшін жаралған.

Ілмектер: жүрек, көңіл

Тілі басқа — тілегі бір,
Түрі басқа —жүрегі бір.

Ілмектер: тіл, жүрек

Жүрек — ер, бас — кемеңгер.

Ілмектер: ер, жүрек

Бас – кемеңгер,
Жүрек – ер,
Құлақ – бұлақ,
Аяқ – пырақ,
Қол – мұрап,
Тіл – тілмаш,
Кілтін тап та сырын аш.

Ілмектер: амалын табу, дене мүшелері, тіл, бас, жүрек, құлақ

Жүректің сырын
Көздің нұрынан байқа!

Ілмектер: жүрек, сыр.нұр, көз

Отаны бірдің жүрегі бір,
Жүрегі бірдің тілегі бір.

Ілмектер: отан, тілек, жүрек

Ерлік білектен емес, жүректен.

Ілмектер: ерлік, батырлық, жүрек

Айнымас жүрек, ер көңіл,
Ер жігіттің серігі.

Ілмектер: жүрек, ер, ерлік, батырлық

Жүректе қаһар жалындаса,
Бойда қайрат арындар.

Ілмектер: жүрек, қайрат, ер, ерлік, батырлық

Бетінің ашық реңі –
Тұнып тұрған жүрегі.

Ілмектер: бет, жүрек, парсы мақалы

Жүрек қалаған жер — пейішің.

Ілмектер: жүрек, жер, пейіш, парсы мақалы

Аяшының жүрегі күйеді,
Даяшының етегі күйеді.

Ілмектер: жүрек, етек, парсы мақалы

Бұл білектің ісі емес, жүректің ісі.

Ілмектер: іс, білек, жүрек, парсы мақалы

Жүректен шықпай,
Жүрекке кірмейді.

Ілмектер: жүрек

Кілемнің түгі көшсе де,
Жүректің дығы өшпейді.

Ілмектер: кілем, жүрек, парсы мақалы

Жүрек туласа –
Кірпік буланады.

Ілмектер: жүрек, кірпік, парсы мақалы

Серіктестер

Жүктелуде...