Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (15) Өлеңдер (11) Мақал-мәтелдер (23) Ұлағатты сөздер (4)

Ажалды жылан, жол үстінде жатады.

Ілмектер: ажал, жылан, жол

Ысқырған жылан шақпайды,
Үреген ит қаппайды.

Ілмектер: ит, жылан, жануар

Үйге кірген жыланды да
Басына ақ құйып шығарады.

Ілмектер: жылан, ақ, үй

Қарап жатқан жыланның құйрығын баспа.

Ілмектер: жылан, сақтық, қырағылық

Жыланның өзі өлсе де,
Құйрығы өлмейді.

Ілмектер: жылан, сақтық, қырағылық

Көп жорытқан жылан, аяғын көрсетер.

Ілмектер: жылан, аяқ, сақтық, қырағылық

Ордалы жыланмен ойнама.

Ілмектер: орда, жылан, сақтық, қырағылық

Жылы – жылы сөйлесең,
Жылан інінен шығады.

Ілмектер: сөз, жылан

Адам бір сөйлескенде жылан,
Екінші сөйлескенде құлан,
Үшінші сөйлескенде адам.

Ілмектер: адам, жылан, құлан, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Жылан иерлеңдесе де ініне тура кірер.

Ілмектер: жылан, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Жаздыгүні жыланнан қорыққан,
Қысты күні ала жіптен аттамас.

Ілмектер: жылан, жіп, қыс, қорқу

Балам жыланнан қашқандай, жазықтан да қаш.

Ілмектер: жазық, бала, жылан

Жылан шаққан алажіптен қорқады.

Ілмектер: ауған мақалы, жылан, қорқу, жіп

Жолдасыңның қолымен жылан ұстама.

Ілмектер: жолдас, жылан, парсы мақалы

Батырды жылан шақса,
Пақырды қоңыз тістейді.

Ілмектер: батыр, жылан, пақыр, қоңыз, парсы мақалы

Жылан терісін өзгерткенімен,
Түрін өзгертпейді.

Ілмектер: жылан, түр, тері, парсы мақалы

Сырты – жылан,
Іші – күл.

Ілмектер: жылан, парсы мақалы

Біреудің қолымен жыланның басын мылжалайды.

Ілмектер: қол, бас, жылан, парсы мақалы

Жылы сөз жыланды іннен шығарады.

Ілмектер: жылан, сөз, парсы мақалы

Тәтті тілді адам жыланды іннен шығарар.

Ілмектер: тәтті, тіл, адам, жылан, ін, парсы мақалы