Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (17) Өлеңдер (48) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (120) Ұлағатты сөздер (63) Әзіл, анекдоттар (2)

Жігіттің жолбарысы —
Жол торымайды, ел қориды.

Ілмектер: жігіт, ел, жол

Жортуылшы жолда өлер.

Ілмектер: жол

Туы бірдің — түбі бір,
Жолы бірдің — жүгі бір.

Ілмектер: жол

Судың жолын құм бөгер,
Ердің жолын сұм бөгер.

Ілмектер: су, ер, жол

Жорға жолға түспесе,
Жол ұрады.
Ер жолға түспесе,
Қол ұрады.

Ілмектер: жол, ер

Жолсыз жүріп торыққан
Жол қадірін біледі.
Жалғыз жүріп зарыққан
Ел қадірін біледі.

Ілмектер: жол, ел, қадір

Қолы ашықтың жолы ашық.

Ілмектер: қол, жол

Шөлмен жүрсең, жолмен жүр:
Жол бұлақты көлге апарады,
Көл қонысты елге апарады.

Ілмектер: шөл, жол, ел, қоныс

Алыс сапар да - жақын жолдан басталады.

Ілмектер: сапар, жол, қадам, жапон мақалы

Жолдасың жақсы болса
Жолым ұзын деме,
Жолдасың жаман болса,
Қолым ұзын деме.

Ілмектер: жолдас, жол

Адаспаймын деген ер,
Тал түсте жолдан адасады.

Ілмектер: ер, жол, адасу

Адасқан жігіт жол таппас.

Ілмектер: адасу, жол, жігіт

Шұбалаң жолдан,
Бәлекет тілден.

Ілмектер: жол, бәле, тіл

Жорғалымен жолдас болма, жолда қаларсың.

Ілмектер: жол, жолдас, ұят

Ұзақ болса да, жаман болса да жол жақсы.

Ілмектер: ұзақ, жол, жаман, жақсы

Қол қолды біледі, шариғат жолды біледі.

Ілмектер: қол, шариғат, жол, білу

Жаман атқа мінсең жолың болмас.

Ілмектер: жол, ат

Қашқан жаудың олжасы -
Жолда қалған.

Ілмектер: жау, олжа, жол

Ел айырылса - көбіне,
Жол айырылса - кеңіне.

Ілмектер: ел, халық, жол

Кемеші келсе,
Қайықшы жолдан шығар.

Ілмектер: кемеші, қайықшы, жол