Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (31) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (25) Ұлағатты сөздер (9)

Көшерімді жел білсін,
Қонарымды сай білсін.

Ілмектер: жел, сай

Жермен келген — жермен кетеді.
Желмен келген — желмен кетеді.

Ілмектер: жер, жел, егіншілік

Жел дауыл шақырады,
Бұлт жауын шақырады.

Ілмектер: жел, дауыл

Желге қарсы түкірсең —
Өз бетіңе былш етер.

Ілмектер: жел, қарсы, түкіру

Ауру желмен келiп, термен шығады.

Ілмектер: ауру, жел, тер

Жел түбі азық, жекен түбі қазық.

Ілмектер: жел, жыл мезгілдері, табиғат, табиғат құбылыстары

Жел бар жерде сел бар.

Ілмектер: жел, сел, парсы мақалы

Ол желді жүгендеп,
Жауынды жетектеген адам.

Ілмектер: жел, жауын, парсы мақалы

Желмен келген,
Желмен кетеді.

Ілмектер: жел, парсы мақалы

Қара бұлтты жел ашар,
Қара құлыпты пара ашар.

Ілмектер: қара, бұлт, жел, ақша, пара

Керіспейінше, ашу басылмайды.
Жел тұрмайынша, күн ашылмайды.

Ілмектер: ашу, керісу, жел, күн

Жел еспей,
Бұлт көшпес.

Ілмектер: жел, бұлт

Ат міндім деп желікпе,
Желге мініп, желіп көр.

Ілмектер: ат, жел

Желмен жарыспа, көлеңкені қума.

Ілмектер: жел, көлеңке, қырғыз мақалы

Жел екпіндеп соққанмен,
Таң мезгілсіз атпайды.

Ілмектер: жел, таң, қырғыз мақалы

Желден – шаншу жаман,
Сөзден – қаңқу жаман.

Ілмектер: жел, сөз, қырғыз мақалы

Жел болмаса, шөп басы қимылдамас.

Ілмектер: жел, қырғыз мақалы

Жел болмай шөп басы қозғалмас.

Ілмектер: жел, шөп, себеп

Жеткен желке жұдырықтар,
Жетпеген жел жұдырықтар.

Ілмектер: жел, қырғыз мақалы, жұдырық

Кеменің әуеніне қарай жел еспейді.

Ілмектер: Кеме, жел, әуен, араб мақалы