Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (26) Мақал-мәтелдер (148) Ұлағатты сөздер (67)

Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.

Ілмектер: жау, дау, ел

Өзі істеген өкінбес,
Жаудан қорқып бекінбес.

Ілмектер: жау, қайсарлық

Жауға жаның берсең де
Сырыңды берме.

Ілмектер: жау, сыр

Бақ келді деп таспа,
Жау келді деп саспа.

Ілмектер: бақ, жау

Жел тұрды десе,
Үйіңе арқан сал.
Жау келді десе,
Қарыңа қалқан ал.

Ілмектер: үй, жау

Ерді тасқанда көр,
Жауды қашқанда көр.

Ілмектер: ер, жау

Даудың жолына түспе,
Жаудың қолына түспе.

Ілмектер: дау, жау, жол

Жаудан жер де жиренеді.

Ілмектер: жау, жер

Тауды биік демеңдер,
Талаптансаң шығарсың.
Жауды мықты демеңдер,
Жарақтансаң жығарсың.

Ілмектер: талап, жау

Жау жағадан алғанда,
Бөрі етектен алады.

Ілмектер: жау

Жауды санап соғыспайды,
Қойды санап тоғытпайды.

Ілмектер: жау, қой

Жаудың тысында болма, ішінде бол.

Ілмектер: жау

Судан тонын аямаған,
Жаудан жанын аямас.

Ілмектер: су, жау

Гүрілдеп келген жаудан
Күлімдеп келген жау жаман.

Ілмектер: жау

Жауға барсаң, бәрің бар,
Дауға барсаң, бірің бар.

Ілмектер: жау, дау

Үндемесең, дау алар,
Жата берсең, жау алар.

Ілмектер: дау, жау

Жауынан қашқан жарға паналар,
Жаудан қашқан қайда паналар.

Ілмектер: жау

Ынтымақ — орман,
Жау ала алмас — қорған.

Ілмектер: ынтымақ, жау

Үйренген жау атыспаққа жақсы.

Ілмектер: жау

Қасындағы жау
Қанжарын қапыда қадайды.

Ілмектер: жау