Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (15) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (40) Ұлағатты сөздер (5) Әзіл, анекдоттар (2)

Адам ең қатты сүйіктісін, ең жақсы түрде жанұясын, ең ұзақ анасын жақсы көреді.

Ілмектер: адам, жанұя, ана, ирландия халқының мақалы

Өнегелі отаудың өрісі кең.

Ілмектер: өнеге, жанұя, отау

Келіні жақсының керегесі алтын.

Ілмектер: келін, кереге, отау, жанұя

Сүйіктің жоқта дүние суық.

Ілмектер: сүйікті, дүние, жанұя

Елуінде — ер дана,
Елуінде — ел жаңа.

Ілмектер: ел, ер, дана, жанұя

Ағайында өкпе бар да, кек жоқ.

Ілмектер: ағайын, туыс, жанұя, өкпе, кек

Жеткіншектен айырылған,
Жер таянбай тұрмайды.

Ілмектер: ағайын, отбасы, жанұя

Үй ішінен жау шықса,
Тұра қашып құтылмассың.

Ілмектер: отбасы, жау, жанұя

Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі.

Ілмектер: тұлпар, отбасы, жанұя

Қарындасың - қарлығашың.

Ілмектер: қарындас, туыс.отбасы, жанұя

Ине өткен жерден жіп өтер.

Ілмектер: отбасы, туыс, жанұя

Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.

Ілмектер: іні, аға, отбасы, туыс, жанұя

Төркін десе қыз төзбейді,
Көкпек десе түйе төзбейді.

Ілмектер: төркін, қыз, түйе, отбасы, туыс, жанұя

Апасының киген тонын сіңлісі де киер.

Ілмектер: апа, сіңлі, отбасы, туыс, жанұя

Ата – баланың қорғаны.

Ілмектер: ата, бала, қорған, отбасы, туыс, жанұя

Атаға баланың алалығы жоқ.

Ілмектер: ата, бала, отбасы, туыс, жанұя

Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.

Ілмектер: құлын, отбасы, туыс, жанұя

Сақау баланың тілін шешесі біледі.

Ілмектер: сақау, бала, ана, отбасы, туыс, жанұя

Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.

Ілмектер: бала, мазақ, отбасы, туыс, жанұя

Бала, баланың ісі шала.

Ілмектер: бала, іс, отбасы, туыс, жанұя