Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (30) Жоспарлар (13) Мақал-мәтелдер (273) Ұлағатты сөздер (148)

Етікті нәл сақтайды,
Жігітті әл сақтайды.

Ілмектер: еңбек, нәл, әл, жігіт

Ер еңбегіне бір түйсін.

Ілмектер: ер, еңбек

Еңбегі ештің, тұзы сор.

Ілмектер: еңбек, сор, тұз

Тек жүргенше,
Тегін істе.

Ілмектер: тегін, еңбек

Кім еңбек етсе - сол тоқ.

Ілмектер: еңбек, тоқ

Еңбексіз іс бітпейді,
Еріншектің қолы жетпейді.

Ілмектер: еңбек, іс

Шыдамды еңбек, алғыр ой -
Анық досың біліп қой.

Ілмектер: шыдам, еңбек, ой

Сен оқысаң, мен тоқығам.

Ілмектер: оқу, еңбек

Аз да болса, саз болсын.

Ілмектер: саз, аз, еңбек

Сыпырғы келсе шаң қашар.

Ілмектер: сыпырғы, шаң, еңбек

Орайы келсе орақ ор,
Кезі келсе кетпен шап.

Ілмектер: орай, еңбек, орақ, кетпен

Адал еңбек елге жеткізер,
Арам қулық елден кеткізер.

Ілмектер: ел, арам, қу, еңбек, адал

Ақысын берсе, боқысын шығарар.

Ілмектер: ақы, еңбек

Жұмыстың жаманы жоқ.

Ілмектер: жұмыс, еңбек

Ез, езден без.

Ілмектер: еңбек

Еңбек ет те, елге жет.

Ілмектер: еңбек, ел

Жалқаулық аздырады,
Еңбек оздырады.

Ілмектер: жалқаулық, еңбек

Еңкейгеннің еңсесін
Еңбек көтереді.

Ілмектер: еңбек

Адал еңбек аздырмас,
Арамдық бойды жаздырмас.

Ілмектер: адал, еңбек, арам

Адал еңбек аздырмас,
Арамдық бойды жаздырмас.

Ілмектер: адал, еңбек, арам