Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (30) Жоспарлар (13) Мақал-мәтелдер (273) Ұлағатты сөздер (148)

Білім алып құрасын,
Еңбек етіп сұрасын.

Ілмектер: білім, еңбек

Қолы қимылдаған адамға,
Кедейлік жоқ.
Аяғы қимылдаған адамға,
Алыстық жоқ.

Ілмектер: еңбек, кедейлік

Күн шыққан соң суарған суды
Күн жұтады,
Күн батқан соң суарған суды
Жер жұтады.

Ілмектер: еңбек

Ер дәулеті — еңбек.

Ілмектер: ер, еңбек

Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің дәмі тәтті.

Ілмектер: жалқаулық, еңбек

Еңбексіз өнбек жоқ.

Ілмектер: еңбек

Адал еңбек, алғыр ой - анық досың біліп қой.

Ілмектер: адал, еңбек, ой, дос

Ексең егін,
Ішерсің тегін.

Ілмектер: еңбек, егін

Жер — ырыстың кіндігі,
Еңбек — ырыстың қазығы.

Ілмектер: жер, ырыс, еңбек

Еңбегімен ер сыйлы,
Өнбегімен жыр сыйлы.

Ілмектер: егіншілік, еңбек, ер

Жер жарасты көрінер
Өзені мен көлімен,
Ел жарасты көрінер
Еңбегі жанған ерімен.

Ілмектер: жер, ел, еңбек

Түйір нан —
Тамшы тер.

Ілмектер: еңбек, егіншілік

Жаңбыр жауса — жер тоқ,
Егін ексе — ел тоқ.
Бұлақ ақса — көл тоқ.
Еңбек етсе — ер тоқ.

Ілмектер: жер, егін, бұлақ, еңбек

Рахат түбі — кейіс,
Бейнет түбі — кеңіс.

Ілмектер: еңбек

Келген дәулет,
Кеткен бейнет.

Ілмектер: еңбек

Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.

Ілмектер: еңбек

Қолы қимылдағанның
Ауызы қимылдар.

Ілмектер: еңбек

Жас кезімде бейнет бер
Қартайғанда дәулет бер.

Ілмектер: еңбек

Еңбек ет те, міндет ет.

Ілмектер: еңбек

Көп еңбегі — көңілді.

Ілмектер: еңбек