Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (7) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (31) Ұлағатты сөздер (4)

Отырам деп, еріншек өлер,
Кісіге жақсылық қылам деп, көңілшек өлер.

Ілмектер: еріншек, жақсылық, жалқау

Жә еріншек өлер, жә көңілшек өлер.

Ілмектер: еріншек, өлім, көңілшек

Еріншектің ерні жібімес,
Жалқаудың ісі маңдымас.

Ілмектер: еріншек, жалқау

Кер кеткен еріншек
Кеусен сұрауға да ерінеді.

Ілмектер: еріншек, кеусен

Еріншекке шегіншек тап болар.

Ілмектер: еріншек

Еріншекке жоқ сылтау.

Ілмектер: еріншек, сылтау

Еріншек түске дейін ұйықтайды,
Кешке дейін есінейді.

Ілмектер: еріншек, ұйқы, кеш, есінеу

Еріншек адам - шегіншек,
Елгезек адам - еміншек.

Ілмектер: еріншек, елгезек

Еріншек аулаға шықса да,
Ылау жалдайды.

Ілмектер: еріншек, жалқау, қырғыз мақалы

Ер еңбегімен озады,
Еріншек езілумен тозады.

Ілмектер: ер, еңбек, еріншек, жалқау

Еңбекқор
Ұйқыдан ширап тұрады.
Ерiншек
Ұйқыдан қирап тұрады.

Ілмектер: еңбек, еңбекқор, еріншек, ұйқы