Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (71) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (144) Әзіл, анекдоттар (1)

Ел иесіз болмайды,
Сөз жүйесіз болмайды.

Ілмектер: ел, сөз

Әсем мінез аққуды
Айдын шалқар көлде көр.
Жаны сұлу аруды
Жадырай қонған елде көр.

Ілмектер: ел, ару

Оттың қасынан от жақпа,
Елді бұзады.
Құдық қасынан құдық қазба,
Жерді бұзады.

Ілмектер: ел, жер, құдық

Жетесіз бала «жерден алдым» дейді,
Жетілген бала «елден алдым» дейді.

Ілмектер: бала, ел, жер

Жемісті ағаш,
Жерге иіліп тәжім етеді.
Жетелі жігіт,
Елге иіліп тәжім етеді.

Ілмектер: жігіт, ел

Екі елді жол қосады,
Екі адамды қол қосады.

Ілмектер: ел, адам

Ел-жұртыңның қадірін
Іс түскенде білерсің
Сары тонның қадірін
Қыс түскенде білерсің.

Ілмектер: ел-жұрт, ел, жұрт

Ынтымақ — елдікке жеткізер,
Елдік ерлікке жеткізер.

Ілмектер: ынтымақ, ел, ер

Өсер елдің баласы
Қозысын күтіп қой қылар,
Өспес елдің баласы
Қозысын сойып, той қылар.

Ілмектер: ел, бала

Жер бауыры суық,
Ел бауыры жылы.

Ілмектер: ел, жер

Өзбек — өрістес ел,
Қырғыз — қоныстас ел.
Қарақалпақ — қарындас ел,
Түрікпен — тамырлас ел.

Ілмектер: ел, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түрікпен

Көппен көрген — ұлы той.

Ілмектер: той, ел

Көп алғысы көгертер.

Ілмектер: алғыс, ел

Көп қорқытады,
Терең батырады.

Ілмектер: ел

Көпке тентек —
Құдайға шет.

Ілмектер: ел

Көпті сөккен — көгермес.

Ілмектер: ел

Көпті жамандаған —
Көмусіз қалар.

Ілмектер: ел

Жоргаң қатты болса,
Төске сал,
Ісің ақ болса,
Көпке сал.

Ілмектер: ел, халық

Тамшыдан тама-тама дария болар

Ілмектер: ел, халық

Көпке топырақ шашпа.

Ілмектер: ел, көпшілік