Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (48) Ұлағатты сөздер (39)

Надан достан тура дұшпан артық.

Ілмектер: надан, дос, дұшпан

Мың досың аз, бір дұшпаның көп.

Ілмектер: дос, дұшпан

Кішкене қасың болса, үлкен пілдей көр.

Ілмектер: қас, дұшпан, піл

Досқа күлкі, дұшпанға таба қыла көрме.

Ілмектер: дос, дұшпан, күлкі

Досыңа көз алартсаң,
Дұшпаның семсерін жарқылдатар.

Ілмектер: дос, дұшпан, семсер, парсы мақалы

Досың мың болса аз,
Дұшпаның біреу болса көп.

Ілмектер: дос, дұшпан, аз, көп, ауған мақалы

Табансыз соғыс,
Тағдырыңның дұшпаны.

Ілмектер: соғыс, тағдыр, дұшпан

Ашу ақылдың дұшпаны,
Нәпсі иманның дұшпаны.

Ілмектер: ашу, дұшпан, нәпсі, ақыл, иман

Тату болсаң досыңмен,
Берерсің төтеп дұшпанға.

Ілмектер: татулық, дос, дұшпан, парсы мақалы

Күні тайғанның дұшпаны қырағы.

Ілмектер: күн, дұшпан, парсы мақалы

Дұшпаныңның тұспалына сенбе.

Ілмектер: дұшпан, парсы мақалы

Дұшпанды біреу шабады,
Атақты сәду алады.

Ілмектер: дұшпан, атақ, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Дұшпанға қарсы құрал әзірлеген –
Тұтқыр болады.
Құрал әзірлемеген – тұтқын болады.

Ілмектер: дұшпан, құрал, тұтқын

Құлың – дұшпаның.

Ілмектер: құл, дұшпан

Менің көргенімді,
Дұшпаным да көрмесін.

Ілмектер: дұшпан

Дұшпан көпірінен де өтпе.

Ілмектер: дұшпан, көпір

Дұшпанды дос тұтпа,
Дұшпандығын жасайды.

Ілмектер: дұшпан, дос

Етекті кессең – жең болмайды.
Ежелгі дұшпан – ел болмайды.

Ілмектер: етек, дұшпан

Дұшпанның сырты сұлу, іші – қара.

Ілмектер: дұшпан, сұлу

Дұшпанға өлім тілегенше,
Өзіңе өмір тіле.

Ілмектер: дұшпан, өмір, өлім, қырғыз мақалы