Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (51) Өлеңдер (134) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (162) Ұлағатты сөздер (146) Әзіл, анекдоттар (1)

Ескі дос естен кетпейді,
Жаңа дос қадіріңе жетпейді.

Ілмектер: дос, ескі, жаңа

Ескі дос естен кетпейді,
Жаңа дос қадіріңе жетпейді.

Ілмектер: дос, ескі, жаңа

Дос өкпелесе, қалағанын алады.

Ілмектер: дос, қырғыз мақалы

Доссыз өмір — тұзсыз ас,
Достық құлпын байқап аш.

Ілмектер: дос, достық

Күлме досыңа, келер басыңа.

Ілмектер: дос

Жауға жалынба, досқа тарылма.

Ілмектер: жау, дос

Мінсіз дос болмайды,
Мүлтіксіз қос болмайды.

Ілмектер: дос

Азым дұспан кей адам нәпсін тыймас,
Нәпсіменен дос болып, дүнияны көзі қимас.

Ілмектер: нәпсі, дос, дүние, көз

Айрылайын деген дос
Ердің артқы қасын сұрайды.

Ілмектер: дос

Ақыл — саған ізгі дос, әділ жолдас.

Ілмектер: дос, әділ, ақыл

Ақымақпен дос болма.

Ілмектер: ақымақ, дос

Ашу — кәпір, ақыл — дос,
Ақылыңа ақыл қос.

Ілмектер: ашу, кәпір, ақыл, дос

Бақыт басқа қонғанда,
Алысып жүрген дұспандар
Алдыңа келіп дос болар.
Бастан бақыт ұшарда,
Жан аяспас достарың
Қарап жүріп қас болар.

Ілмектер: бақыт, дос, дұшпан

Арақпен достастым дегенше, адамгершілікпен қоштастым де.

Ілмектер: арақ, адамгершілік, дос

Дұшпанға тастай қатты бол,
Досыңа балдай тәтті бол.

Ілмектер: дұшпан, дос

Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.

Ілмектер: дос, ақыл

Жақсылықты басыңа қыл,
Басыңнан артылса досыңа қыл.

Ілмектер: жақсылық, дос

Айтулы достың малы бір,
Кемедегінің жаны бір.

Ілмектер: дос, достық, жан, кеме

Біліксіз досыңнан,
Білекті дұшпан артық.

Ілмектер: біліктілік, білім, дос, дұшпан, білек

Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа.

Ілмектер: дос, сөз