Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (51) Өлеңдер (133) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (162) Ұлағатты сөздер (146) Әзіл, анекдоттар (1)

Қорқақ жауды басындырады,
Досты ашындырады.

Ілмектер: жау, дос

Пайдаңды басыңа қыл,
Басыңнан артылса, досыңа қыл.

Ілмектер: дос

Доссыз — көңіл тұл,
Махаббатсыз — өмір тұл.
Досы жоқ
Сырын кімге айтады?
Тыңдаушысы жоқ
Жырын кімге айтады?

Ілмектер: дос, махаббат

Жаңа дос жаныңда жүргенде,
Ескі дос есіңде жүрсін.

Ілмектер: дос

Дос басқа
Дұшпан аяққа қарайды.

Ілмектер: дос

Алыстағы досыңа
Ат берсең де жарасар,
Үйіне мініп барсын деп.
Жақындағы досыңа
Хат берсең де жарасар
Ұмытса есіне салсын деп.

Ілмектер: дос

Жас-жаран — ауыл ажары,
Дос-жаран — қауым ажары.

Ілмектер: дос

Ақыл — дос, ашу — дұшпан.

Ілмектер: ақыл, дос, ашу

Досың аз, дұшпаның көп болса —
Зор боласың.
Ақылың аз, ашуың көп болса —
Қор боласың.

Ілмектер: дос, ақыл, ашу

Жат асыңа қарайды,
Дос басыңа қарайды.

Ілмектер: ас, тағам, дос

Аз қайғыны ас басады,
Көп қайғыны дос босады.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ, дос

Қарның ашса қосқа бар,
Қайғың асса досқа бар.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ, дос

Ер сүйгендей досың болсын,
Жер сүйгіндей қосың болсын.

Ілмектер: ер, дос

Қас боп жүріп,
Дос болғанға мақтан.
Дос боп жүріп,
Қас болғаннан сақтан.

Ілмектер: қас, дос

Достан сырыңды жасырма,
Дұшпанды басыңнан асырма.

Ілмектер: дос, дұшпан

Қасың менен досыңды
Қас-қабағы танытар.

Ілмектер: қас, дос

Досыңа жібек көрпе төсеме,
Жаныңды төсе.
Қасыңа жібек көрпе төсе де
Қамшысымен отыңды көсе.

Ілмектер: дос

Сабы бос шотпен отын жарма,
Сабырсыз доспен жауға барма.

Ілмектер: дос, жау

Қамыс отын емес,
Жалыны бар да шоғы жоқ.
Өтірік сөз досым емес,
Айтқан жерде өзі жоқ.

Ілмектер: өтірік, дос

Ас табылмайды,
Ас табылса, беруге дос табылмайды.

Ілмектер: ас, дос