Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (56) Ұлағатты сөздер (15)

Жау мен дау — егіз.

Ілмектер: жау, дау

Жау шақырып, аттан салма!
Дау шақырып, барымта алма!

Ілмектер: жау, дау

Дау мен жау — ерге сын,
Көшіп-қонбақ — елге сын.

Ілмектер: дау, жау, ел, ер

Жігітті не дауда, не жауда сынайды.

Ілмектер: жігіт, дау, жау, сын

Судың түбін шым бекітер,
Даудың түбін қыз бекітер.

Ілмектер: су, дау, қыз

Ауру астан,
Дау қарындастан.

Ілмектер: денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық, дау, қарындас

Дауды елемеген төлейді,
Ауруды елемеген өледі.

Ілмектер: денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық, дау

Дауды шешен бітірмейді, би бітіреді.

Ілмектер: дау, шешен, би, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Екі қатын алғанның дау үйінде,
Жаман қатын алғанның жау үйінде.

Ілмектер: дау, жау, қатын, жаман, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Алтын шірімес,
Дау қалмас,
Жан сасымас.

Ілмектер: алтын, дау, жан, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Соқырдан қарауыл қойсаң, еліңді жауға алдырар,
Наданнан би қойсаң, еліңді дауға қалдырар.

Ілмектер: жау, қарауыл, соқыр, дау, ел

Аларда даусыз өнімді,
Саларда келіс егінді.

Ілмектер: дау, егін, араб мақалы

Екі мақұл дауласса, сөздері асқар ала таудай болар.
Бір тентек бір ақылды таласса, атысқан жаудай болар.

Ілмектер: дау, тентек, ақылды, талас, жау, тау

Басы ауырған бақсыға барады,
Даулы кісі жақсыға барады.

Ілмектер: бас, ауру, дау, бақсы

Дәйексіздің дауы бітпес.

Ілмектер: дәйек, дау

Түйе даулап - лақ ал, лақ ал да - тына қал.

Ілмектер: түйе, лақ, төрт түлік мал, дау

Батырдың атын жау шығарады.
Шешеннің атын дау шығарады.

Ілмектер: батыр, дау, жау

Жолдасы жақсы жауға алдырмайды,
Қара басын дауға қалдырмайды.

Ілмектер: жолдас, жау, дау

Дау арқылы
Нарқын бұлдады.

Ілмектер: дау, парсы мақалы

Біреу ішуге су таппайды,
Біреу өтуге көпір таппайды.
Екі дәукес қосылмай,
Дау бітпейді тосылмай.

Ілмектер: су, көпір, дау