Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (882) Өлеңдер (49) Жоспарлар (10) Мақал-мәтелдер (221) Ұлағатты сөздер (219) Әзіл, анекдоттар (1)

Тасқа егін шықпас,
Қас жаманға білім жұқпас.

Ілмектер: тас, егін, білім, ілім

Адамның білгенін адам білер.

Ілмектер: адам, білім, ілім

Есеп білмеген есек.

Ілмектер: есеп, есек, білім, ілім

Тауып білмеген, жүріп білер.

Ілмектер: білім, ілім

Ақыл ойдан артық.

Ілмектер: ақыл, ой, білім, ілім

Білім тұрған жерде иман тұрады.

Ілмектер: білім, иман, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Еңбек - ердің санаты,
Білім - ердің қанаты.

Ілмектер: еңбек, білім, ер

Жастықта жиған білімің - қарттыққа жұмсар мүлігің.

Ілмектер: жастық шақ, білім, қарттық, мүлік

Жақсының алтын басы еңкейсе,
Білімсіздің басы шалқаяды.

Ілмектер: жақсы, алтын, білім

Ақыл мен білімнің тілмашы тіл.

Ілмектер: ақыл, білім, тіл, тілмаш

Іссіз тұрған білімді жаңбырсыз бұлттай.

Ілмектер: іс, білім, жаңбыр, бұлт

Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қонар.

Ілмектер: тәрбие, оқу, білім

Ақыл, ой, білім - әр адамның сәулеті.

Ілмектер: ақыл, ой, білім, адам, сәулет

Көп көрген үйренеді,
Көп білген сый көреді.

Ілмектер: білім, сый, үйрену

Жасыңда алған білімің,
Тасқа басқан таңбадай.

Ілмектер: білім, тас, Араб мақал-мәтелдері, араб мақалы

Білек бірді, білім мыңды жығады.

Ілмектер: білек, білім

Бiлiктi бiрдi жығар,
Бiлiмдi мыңды жығар.

Ілмектер: білім

Бiлiмдi өлсе,
Қағазда аты қалар,
Ұста өлсе,
Iстеген заты қалар.

Ілмектер: білім, қағаз, ұста, өнер

Бай болмасаң, бай болма,
Білім-өнерге сай бол.

Ілмектер: бай, білім, өнер

Күш - білімде.

Ілмектер: күш, білім