Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (882) Өлеңдер (49) Жоспарлар (10) Мақал-мәтелдер (221) Ұлағатты сөздер (219) Әзіл, анекдоттар (1)

Білетінің бір тоғыз,
Білмейтінің тоқсан тоғыз.

Ілмектер: білім, оқу

Білмесең үндеме,
Білгенді күндеме.

Ілмектер: білім

Білім гауһар, бағасы жоқ.
Надандық кесел, дауасы жоқ.

Ілмектер: білім

Киіміне қарап қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.

Ілмектер: білім

Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.

Ілмектер: білім

Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса кішіден сұра.

Ілмектер: білім

Білім арзан, білу қымбат.

Ілмектер: білім

Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.

Ілмектер: білім, кітап

Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын.

Ілмектер: білім, оқу

Ұстаздан шәкірт озар.

Ілмектер: оқу, білім

Алтын алма, білім ал.

Ілмектер: білім

Ғылым - теңіз, білім - қайық.

Ілмектер: ғылым, білім

Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі .

Ілмектер: білім

Білімді өлсе,
Қағазда аты қалар.
Ұста өлсе,
Істеген заты қалар.

Ілмектер: білім

Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.

Ілмектер: білім

Өмірдің өзі - ұлы ұстаз.

Ілмектер: білім

Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.

Ілмектер: білім

Ілім - бұлақ
Білім - шырақ.

Ілмектер: ілім, білім

Оқу - білім азығы,
Білім - ырыс қазығы.

Ілмектер: оқу, білім

Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.

Ілмектер: оқу, білім