Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (69) Өлеңдер (58) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (154) Ұлағатты сөздер (33)

Қос ұл туған қатынды
Ханым десе болады.
Ел қорғаған батырды
Нарым десе болады.

Ілмектер: қатын, ханым, батыр, ер, ел

Батыр болатын бала ерге үйір,
Қызтеке бала зерге үйір.

Ілмектер: батыр

Елінің даңқын батыры шығарар,
Батыры шығармаса, ақыны шығарар.

Ілмектер: ел, даңқ, батыр

Шын сақыға жолықсаң,
Су орнына бал берер.
Шын батырға жолықсаң,
Шындық үшін жан берер.

Ілмектер: шындық, батыр

Хас сұлуды қаралысында сынама,
Хас батырды жаралысында сынама.

Ілмектер: батыр, сұлу

Байыпсыз батыр тез өлер.

Ілмектер: батыр

Бала болғанын білмес,
Батыр толғанын білмес.

Ілмектер: бала, батыр

«Басым бұлтқа тиер» деп,
Бұққан — батыр.
«Кесірім жұртқа тиер» деп,
Ыққан — батыр.

Ілмектер: батыр

Батыр сөйлей қалса:
Жауға салған ойнағын айтар.
Сәудегер сөйлей қалса:
Ала шапан, байрағын айтар.
Шаштараз сөйлей қалса:
Ұстарасын жаныған қайрағын айтар.
Ақымақ сөйлей қалса:
Ақылға қонбайтын қайдағыны айтар.

Ілмектер: сөз, сөйлеу, батыр, ақымақ

Өз нәпсісін жеңген — батыр.

Ілмектер: батыр

Батыр — аңғырт, .
Бай — салғырт.

Ілмектер: батыр, бай

Арпасыз ат қыр аса алмас,
Арқасыз батыр жау ала алмас.

Ілмектер: батыр

Үйдің басын қатын қосар,
Елдің басын батыр қосар.

Ілмектер: үй, батыр, қатын

Батыр ортақ, бала ортақ,
Бодаудан қайтқан мал ортақ.

Ілмектер: батыр, бала

Керуен көркі — нарымен,
Батыр көркі — арымен.

Ілмектер: батыр

Жол жарасты көрінер
Ылдиы мен өрімен,
Қол жарасты көрінер
Қолбасшы батыр ерімен.

Ілмектер: батыр

Екі батыр мақтанса:
Батырлығы мен барлығын айтар.
Екі жаман мақтанса:
Ұрлығы мен қарлығын айтар.

Ілмектер: батыр, мақтаншақтық

Батыр бастас,
Бай тұстас.

Ілмектер: батыр, бай

Сарымай сасымас,
Батыр саспас.

Ілмектер: батыр, сасқалақтау, ерлік

Батыр жарасыз болмас.

Ілмектер: батыр, жара