Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (258) Өлеңдер (181) Жоспарлар (22) Мақал-мәтелдер (260) Ұлағатты сөздер (193) Әзіл, анекдоттар (16)

Ұл баланың
Үй күшік болғаны жараспайды,
Қыз баланың
Қыдырма болғаны жараспайды.

Ілмектер: ұл, қыз, бала

Ата — бәйтерек,
Бала – жапырақ.

Ілмектер: ата, бала

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

Ілмектер: ата-ана, бала, қадір

Өзек қуа ағады,
Өзен судың саласы.
Алыстан сәлем береді,
Әдепті елдің баласы.

Ілмектер: әдеп, бала, тәрбие, өнеге

Бала —
Ананың бауыр еті, көз нұры.

Ілмектер: бала, ана

Жас жемісті жұлма, жас баланы ұрма

Ілмектер: бала, тәрбие

Баталы сөз - балаға азық.

Ілмектер: бата, бала, азық

Инабатты болса әйел,
Өнегелі болса бала көрікті.

Ілмектер: инабат, әйел, бала, өнеге, көрік

Ақыры байдың баласы аштан өлер.

Ілмектер: бай, бала, аштық

Аш бала тоқ баламен ойнамайды,
Тоқ бала ешнәрсені ойламайды.

Ілмектер: аш, бала

А, Құдайым бала бер,
Бала берсең, сана бер.
Санасыз бала бергенше,
Артынан бәрін-бәрін ала бер.

Ілмектер: бала, сана, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Адам аяғының тұзағы—бала-шаға.

Ілмектер: адам, тұзақ, бала, бала-шаға, аяқ

Дүниеде бал тәтті,
Бала балдан да тәтті.

Ілмектер: дүнте, бала, бал

Баланың жақсысы сүйініш,
Жаманы – күйініш.

Ілмектер: бала

Ақ құстың баласы жалғыз жүріп оттамас.

Ілмектер: құс, бала, жалғыз, жалғыздық

Ақылды қазы да кейде аңғал шешім айтады,
Ақылсыз бала да кейде ойнап атып тигізеді.

Ілмектер: ақыл, аңғал, шешім, ақылсыз, ойын, бала

Анасы пысық — жұқпаны жұқа жасар,
Баласы мешкей — қат-қаттап қосып асар.

Ілмектер: ана, пысық, бала, жұқа

Ата тұрып сөйлеген баладан без,
Ана тұрып сөйлеген қыздан без.

Ілмектер: ата, ана, бала, тәрбие, қыз, сөйлеу, әдеп

Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған,
Жақсы-жаман болса бала солардан.

Ілмектер: ата, ана, ұрпақ, бала, жақсы, жаман

Атадан бала ширек төмен туады.

Ілмектер: ата, бала