Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (29) Өлеңдер (49) Мақал-мәтелдер (279) Ұлағатты сөздер (300) Әзіл, анекдоттар (2)

Ақылдының алдымен жүр,
Ақылсыздың артымен жүр.

Ілмектер: ақыл

Ашу түбі — кейіс,
Ақыл түбі — кеніш.

Ілмектер: ашу, ақыл

Арттағыны қозғау — ағалық,
Алдағыны болжау — даналық.

Ілмектер: дана, ақыл

Досың аз, дұшпаның көп болса —
Зор боласың.
Ақылың аз, ашуың көп болса —
Қор боласың.

Ілмектер: дос, ақыл, ашу

Ашу — пышақ, ақыл — таяқ.

Ілмектер: ашу, ақыл

Ақылды айттырмай білер,
Сақы сұратпай берер.

Ілмектер: ақыл

Өз ақылым ақыл-ақ,
Кісі ақылы шоқырақ.

Ілмектер: ақыл

Ақыл ағадан,
Ілтипат ініден.

Ілмектер: ақыл, аға

Адам ақылымен бай,
Жер дақылымен бай.

Ілмектер: адам, ақыл

Үгітті ұққанға айт,
Ақылды жұққанға айт.

Ілмектер: ақыл

Күш-қуатым барда
Көшіп-қонып алайын,
Ақыл-есім барда,
Ойлап-толғап қалайын.

Ілмектер: ақыл, ой

Ақылды жылдығын,
Ақылсыз күндігін ойлайды.

Ілмектер: ақыл

Арғымақ болса мінгенің,
Алыс жер жақын емес пе?
Ақылды болса сүйгенің
Аласың жақын емес пе?

Ілмектер: ақыл

Қанағатсыздың көзі үлкен,
Ақылсыздың сөзі үлкен.

Ілмектер: ақыл

Аштың ақылы тамағында,
Жаяудың ақылы табанында.

Ілмектер: ақыл

Алпыс нарың болғанша,
Ақылды жарың болсын.

Ілмектер: ақыл

Әлсіз адам сүріншек,
Ақылсыз адам еріншек.

Ілмектер: ақыл, еріншек

Ақылы терең адамның
Аясы кең келеді.
Тамыры терең шынардың
Саясы кең келеді.

Ілмектер: адам, ақыл

Болат біз — қап түбінде жатпас.

Ілмектер: білім, ақыл

Ақыл — дария,
Алса да таусылмайды.
Жер — қазына,
Сауса да таусылмайды.

Ілмектер: ақыл