Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (11) Өлеңдер (72) Мақал-мәтелдер (40) Ұлағатты сөздер (8) Әзіл, анекдоттар (1)

Амандық ағадан.

Ілмектер: амандық, аға, туыс, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Алты ұл тапқан әйелді ханым десе болмас па,
Аға деген жігітті жаным десе болмас па.

Ілмектер: аға, ұл, ханым, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп сіңілі өсер.

Ілмектер: аға, апа, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Жасы кіші болса да, ақылы көпті аға қыл.

Ілмектер: кіші, ақыл, аға

Халыққа аға болғанның, арқасы жауыр болар.

Ілмектер: халық, аға, арқа, жауыр

Қошқар болар қозының маңдайлары дөң келер,
Аға болар жігіттің етек-жеңі кең келер.

Ілмектер: қошқар, етек, жең, аға

Аға мен тағаның арасында да есеп жүреді.

Ілмектер: аға, таға, есеп, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Ағаның өткені –
Інінің өткелі.

Ілмектер: аға, іні, өткел, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Немере ағаң –
Жең ішіндегі жылан.

Ілмектер: немере, аға, туыс, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Ағасын көріп, іні өседі,
Апасын көріп, қыз өседі.

Ілмектер: аға, іні, қыз, тәрбие, Туыстық қатынастар

Аға — алғанша,
Жеңге — жегенше.

Ілмектер: аға, жеңге, туыс, ағайын

Аға ішкен бұлақтан,
Іні де су ішеді.

Ілмектер: аға, іні, бұлақ, су

Ақылы асса, аға тұт,
Әкімшілігі асса, пана тұт.

Ілмектер: ақыл, аға, пана

Аға – бор,
Іні – тас.

Ілмектер: аға, іні

Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.

Ілмектер: іні, аға, отбасы, туыс, жанұя

Ардагер аға алдында тұрсың,
Әдепті іні артында тұрсын.

Ілмектер: әдеп, іні, аға, ардагер

Жақсы аға — орман,
Жақсы іні — қорған.

Ілмектер: аға, іні, тәрбие, өнеге

Өз ағасын ағаламаған, кісі ағасын жағаламайды.

Ілмектер: аға, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ағадан— ақыл,
Атадан — нақыл.

Ілмектер: аға, ата, нақыл, ақыл