Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (23) Өлеңдер (25) Мақал-мәтелдер (50) Ұлағатты сөздер (11) Әзіл, анекдоттар (2)

Аспаннан Әбілхаят суы жауса да,
Тал ағаш жеміс бермейді.

Ілмектер: аспан, су, тал, ағаш, жеміс

Бөрінің табысы бөлісте,
Құзғынның табысы ағаш басында.

Ілмектер: бөрі, табыс, құзғын, ағаш, жануарлар туралы мақалдар

Бұтағы көп ағашқа құс қонады,
Атағы жақсы адамға сөз ереді.
Ағаш басына жел үйір,
Жақсы адамға сөз үйір.

Ілмектер: ағаш, құс, адам, атақ, сөз

Бұтағы көп ағашқа құс қонады,
Көрікті әйелге сөз ереді.

Ілмектер: ағаш, құс, көрік, әйел

Құрғақ ағаш иілмейді.

Ілмектер: ағаш

Жалғыз ағаш орман болмас,
Жалғыз кірпіш қорған болмас.

Ілмектер: жалғыз, жалғыздық, ағаш, кірпіш, орман, қорған

Жемісі көп ағаштың бұтағы төмен.

Ілмектер: жеміс, ағаш, бұтақ, парсы мақалы

Еменнен қатты ағаш жоқ,
Көп жатса жерде дерт ілер.
Болаттан қатты темір жоқ,
Тасқа салса кертілер.

Ілмектер: ағаш, өсімдік, темір, болат

Орманшы ағаш кесе алмас, ақ балтаны қайрамай.
Жорыққа батыр аттанбас, жау жарағын сайламай.

Ілмектер: орман, ағаш, балта, жау, батыр, сайман

Қайтқан күнде қайыр жоқ,
Қу ағашта шайыр жоқ.

Ілмектер: ағаш, күн