Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (221) Ұлағатты сөздер (2)

Тойған соң торта жүрмейді.

Ілмектер: тою, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Секіруін секірерсің –
Жығылып қалсаң, өкірерсің.

Ілмектер: секіру, жығылу, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Марқұмның малы өзімен бірге кетеді.

Ілмектер: марқұм, мал, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Өсекшінің беті ешқашанда ағармас.

Ілмектер: өсекші, бет, өсек, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Құлағын салып,
Басын ұтқызды.

Ілмектер: құлақ, бас, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Бұл іс – Халиса ботқасы емес.

Ілмектер: іс, ботқа, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Тауықты таңбалауға ине де жарайды.

Ілмектер: тауық, таңба, ине, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Саусағы сыналаса,
Жұдырығы да жайласады.

Ілмектер: саусақ, жұдырық, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Мысықты етке қарауыл қойды.

Ілмектер: мысық, ет, қарауыл, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Құмнан жүн иіреді.

Ілмектер: құм, жүн, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Тау тақтайға ұқсамас.

Ілмектер: тау, тақтай, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Мұсылмандық – тілінде,
Ал кәпірлік – ділінде.

Ілмектер: мұсылмандық, кәпірлік, тіл, діл, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Сарымсақ жемесең, аузыңнан иісі шықпайды.

Ілмектер: сарымсақ, иіс, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Жұлқылап сен тарттың,
Ұятқа мен баттым.

Ілмектер: жұлқу, ұят, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Марқұмның өзі де,
Сөзі де бірге көміледі.

Ілмектер: марқұм, сөз, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Өлген пілдің ішінде
Тізеден кешер су бар.

Ілмектер: піл, су, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Қыстағы алаудан
Көктемдегі шуақ артық.

Ілмектер: қыс, көктем, шуақ, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Жақсылыққа асыққаның –
Берекет.
Жамандыққа асыққаның –
Пәлекет.

Ілмектер: асығу, жақсылық, жамандық, берекет, пәлекет, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Басқаның тойы –
Аш қарын тойы.

Ілмектер: той, ауған елінің мақалы, ауған мақалы, аш, қарын

Алуа жегішке күнде мейрам.

Ілмектер: мейрам, алуа, ауған елінің мақалы, ауған мақалы