Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (29) Өлеңдер (24) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (154) Ұлағатты сөздер (20) Әзіл, анекдоттар (1)

Атың өтімді болса,
Өмірің татымды болады.

Ілмектер: ат, өмір

Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хаттай болар,
Есік алдыңда төбең болса, ерттеп қойған аттай болар.
Ескі мақұл дауласса, сөздері асқар ала таудай болар.

Ілмектер: ауыл, қарт, хат, ат, төбе

Әйелі жаман еркектің жаман аты шығады.

Ілмектер: әйел, еркек, жаман, ат

Бай мінеді бір ат,
Жарлы мінеді бір ат.
Жазғытұры болғанда,
Бай мінеді құр ат.

Ілмектер: жазғытұры, бай, ат, жарлы, кедей

Белгілі қосшың болмаса,
Белің буып атқа бар!
Тоқалыңыз болмаса,
Бәйбішесімей отқа бар.

Ілмектер: қосшы, ат, тоқал, бәйбіше, от

Ит қаппайды деме,
Ат теппейді деме.

Ілмектер: ит, ат

Жаманға жақсылық қылсаң атыңды ерттеп қой.

Ілмектер: жаман, жақсы, ат

Бөтен ауылдың аты озғанша,
Өз ауылыңның тайы озсын.

Ілмектер: ауыл, ат, тай

Ат үстiнде, төсекте және түзге шыққанда бәрiнен жақсы ойланасың.

Ілмектер: жапон мәтелі, ат, ойлану, түзге шығу, төсек

Боқ жағылған нетеді, жуса кетеді,
Ат таңылған нетеді, сүйегімен кетеді.

Ілмектер: сүйек, ат, боқ, жуу

Ер қанаты — ат.

Ілмектер: ат, төрт түлік мал

Сенің атың тұра тұрсын,
Менің атым жүре тұрсын.

Ілмектер: пейіл, ынсап, ат

Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоянқолтық алыспай.

Ілмектер: ер, бәйге, Ат, өнер, Ер өнері, жарыс, алысу