Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (45) Өлеңдер (75) Мақал-мәтелдер (103) Ұлағатты сөздер (24) Әзіл, анекдоттар (2)

Атасы мылтық атқанның баласы оқ жонар.

Ілмектер: ата, бала, мылтық, тәлім, тағлым, тәрбие

Ата тілін алмаған, аман болып көп жүрмес.

Ілмектер: амандық, ата, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар,
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар.

Ілмектер: ата, ұл, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Аталы баланың аузы ойнайды,
Атасыз баланың көзі ойнайды.

Ілмектер: ата, бала, көз, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Атасын құрметтеп тұрған баланың тілеген тілегі қабыл болады.

Ілмектер: ата, бала, тілек

Ата өлсе де атаны көрген өлмесін.

Ілмектер: ата, өлім

Атадан - өсиет, анадан - қасиет.

Ілмектер: ата, ана, өсиет

Атасы бірдің арасындағы араздақ өшпейді,
Анасы бірдің арасындағы татулық көшпейді.

Ілмектер: татулық, араздық, ана, ата

Тай өссе, ат тынығады,
Бала өссе, ата тынығады.

Ілмектер: тай, бала, ата

Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.

Ілмектер: ата, бала

Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.

Ілмектер: адам, адам және оның қасиеттері, ата, бала

Алпыстағы атаңды жыққанша,
Алтыдағы атанды жық.

Ілмектер: ата, сан туралы мақал

Ата — бәйтерек,
Бала – жапырақ.

Ілмектер: ата, бала

Атадан алтау тусаң да,
Басыңа түсер жалғыздық.

Ілмектер: ата, жалғыздық

Атадан бата алмай, үй болмас,
Ордадан үлгі алмай, би болмас.

Ілмектер: ата, бата, орда, би

Атаңның құлы айтса да,
Әділдікке басыңды и.

Ілмектер: әділдік, ата, құл

Аздың атасы бiр,
Көптiң батасы бiр.

Ілмектер: ата, бата

Алпыстан асқан атаңнан ақыл сұрама.

Ілмектер: Алпыс, ақыл, ата

Алыссаң, атаңды жық,
Аясаң, қоя бер.

Ілмектер: ата, аяу, алысу

Ата көрген жол пішер,
Ана көрген тон пішер.

Ілмектер: ата, ана, тон, жол