Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (21) Өлеңдер (57) Мақал-мәтелдер (103) Ұлағатты сөздер (21) Әзіл, анекдоттар (2)

Атаның құны, ананың сүті,

Ілмектер: ата, ана, сүт

Ата балаға сыншы.

Ілмектер: ата, бала

Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның өз гүлі бар.

Ілмектер: ата, ұл, гүл

Өлі бураның басымен тірі атаңды қорқытпа.

Ілмектер: өлі, тірі, ата, қорқыту

Атадан — өсиет,
Анадан — қасиет.

Ілмектер: ата, ана, өсиет, қасиет

Ауыр жол— атаңды сынайды,
Ауыр іс — адамды сынайды.

Ілмектер: адам, сынақ, іс, жол, ата

Аттан тай озады,
Атадан бала озады.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ата, бала

Аталы айғыр үйірін
Жауға алдырмас.
Ата көрген жігіт
Ауылын дауға алдырмас.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ата, жігіт

Атасыз үй – батасыз,
Анасыз үй – панасыз.

Ілмектер: ата, ана

Жалғыз баласы атқа шапса,
Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады.

Ілмектер: ата-ана, бала, ата

Ата баласының
Ат меңіндей белгісі болады.

Ілмектер: ата, бала

Ата баласы
Азарыңда асық ойнайды.

Ілмектер: ата, бала, асық

Атадан бала туар
Атасының жолын қуар.

Ілмектер: ата, бала, жол

Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер.

Ілмектер: ата, ұл

Атаның өспес ұлы
Өнбес дауды даулайды.

Ілмектер: ата, ұл, дау

Аталы ұл — қожалы құл.

Ілмектер: ата, ұл

Атасыз ұлдың ауызы үлкен.

Ілмектер: ата, ұл

Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без,
Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.

Ілмектер: ата, ана, қыз, ұл

Атасы жоқ — мас жетім,
Анасы жоқ — қас жетім.

Ілмектер: ата, ана, жетім

Атаңда болғанша,
Алақаныңда болсын.

Ілмектер: ата, алақан

Жүктелуде...