Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (13) Өлеңдер (57) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (32) Ұлағатты сөздер (4) Әзіл, анекдоттар (2)

Жыл деген ат басын бұрғанша,
Ай деген аунап тұрғанша.

Ілмектер: жыл, ай, уақыт

Үркер үйден көрінсе,
Үш ай тоқсан қысың бар.
Үркер іңірде жанбасқа келсе,
Жаз шықпаған несі бар?!

Ілмектер: ай, жаз

Науырыз айы:
Түске дейін мүйіз,
Түстен кейін киіз.

Ілмектер: наурыз, ай

Сәуір болмай, тәуір болмас,
Ит балалап сауын болмас.

Ілмектер: сәуір, ай

Қараша-қауыс,
Кәрі құртаңды тауыс.

Ілмектер: қараша, ай

Үркер жиылып - ай болмас,
Кедей жиылып - бай болмас.

Ілмектер: кедей, ай, бай

Туған ай, тураған етпен тең.

Ілмектер: ай, жыл мезгілдері, табиғат, табиғат құбылыстары

Жаңа айдан жақсылық.

Ілмектер: ай, жақсылық, жыл мезгілдері, табиғат, табиғат құбылыстары

Тамам кедей жиылып құдай берген байдай жоқ,
Тамам жұлдыз бірігіп бірден туған айдай жоқ.

Ілмектер: кедей, бай, жұлдыз, ай

Арыстан айға шабамын деп,
Артқы аяғы мерт болыпты.

Ілмектер: әл, арыстан, аяқ, мерт, ай

Толған айды қолмен бұлғамайды.

Ілмектер: ай, қол

Жыл бойы қайда болсаң, онда бол
Белдезерде1 үйде бол.

1.Белдезер — ақпан-наурыз айлары

Ілмектер: жыл, ай, ақпан, наурыз, үй

Айға сенген үсіп өлер,
Байға сенген аштан өлер.

Ілмектер: ай, бай, сенім, аштық, үсу, қырғыз мақалы

Ай айдың оты басқа.

Ілмектер: ай

Ай жүзді әйелден
Әдемі ән әлдеқайда артық.

Ілмектер: ай, әйел, ән, әдемі, артық

Ай толық болса,
Айдыны әлемге кетер.

Ілмектер: ай, айдын, әлем

Ай туғанда алдымен кішкентай көрінер.

Ілмектер: ай, кішкентай

Айдаһар айға шапшиды.

Ілмектер: Айдаһар, ай

Айдың жарығы төңірегіне түседі,
Өзіне түспейді.

Ілмектер: ай, жарық

Арыстан айға шапса,
Артқы аяғы сынады.

Ілмектер: арыстан, ай, аяқ, сыну