Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (48) Өлеңдер (93) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (844)

Жүрегіңнің жұмбағын
Жүзің шешіп береді,
Жүзің шешіп бермесе,
Сөзің шешіп береді.

Ілмектер: сөз, жүрек, адам

Сыпайыны үйде көрме, түзде көр.

Ілмектер: адам, сыпайы

Сыпайы тоңбас, қалтырар.

Ілмектер: сыпайы, адам

Жарау кісі байқап сөйлейді,
Қарау кісі жан-жағын жайпап сөйлейді.

Ілмектер: кісі, адам

Азынаған айғырды үйірде көр,
Адамсыған жігітті үйінде көр.

Ілмектер: жігіт, кісі, адам

Үлкенді сен сыйласаң,
Кіші сені сыйлайды.
Кіші сені сыйласа
Кісі сені сыйлайды.

Ілмектер: сыйлау, кісі, адам

Сұраған адам — қайыршы,
Ұрлаған адам — қарақшы.

Ілмектер: адам

Сырын білмеген адамға
Сырыңды айтпа.
Қасақы қу жаманға
Шыныңды айтпа.

Ілмектер: адам, сыр

Адамына қарай сәлемі.

Ілмектер: адам, сәлем

Шаруа кісіні қыдыр тұт!
Сақы кісіні кәдір тұт.

Ілмектер: адам, кісі

Тақиям жаман болса да,
Таяғым жақсы.

Ілмектер: адам, жаман, жақсы

Көрінгенге көз түрткі —
Қордың қоры.

Ілмектер: адам, кісі

Ұялғаннан кісі өлмес,
Асыққанның ісі өнбес.

Ілмектер: кісі, іс, адам

Арсыз адам — тұссыз тағам.

Ілмектер: ар, адам

Сыпайы сырын жасырмас,
Пұшық мұрнын жасырмас.

Ілмектер: сыпайы, адам

Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.

Ілмектер: әділдік, адам

Арамдық
Адамның ажарын бұзады.
Ант ұрған
Халықтың базарын бұзады.

Ілмектер: арам, адам

Адамды алдау —
Арыңның алдында қылмыс.
Ағаңды алдау —
Анаңның алдында қылмыс.

Ілмектер: алдау, адам, қылмыс

Сыпайы, киімді киіп тоздырады,
Сараң, киімді жиып тоздырады.

Ілмектер: сыпайы, сараң, адам

Адамды өмір үйретеді,
Үйренбесе, күйретеді.

Ілмектер: адам