Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (48) Өлеңдер (93) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (847)

Адам қатесіз болмас,
Көл бақасыз болмас.

Ілмектер: адам, көл, қайғы

Адам ұйымшыл,
Мал үйіршіл.

Ілмектер: адам, мал, ұйымшыл

Адам болам десең, арыңды ақшаға сатпа.

Ілмектер: ар, адам, ақша

Адамның сырты алдамшы.

Ілмектер: адам, сырты

Адамға адам жат емес.

Ілмектер: адам, жат

Адамның жүзі ақылдың айнасы.

Ілмектер: адам, айна, жүзі

Бір лақ екі адамды талтаңдатады.

Ілмектер: лақ, адам

Бір кісі мың кісіге олжа салар.

Ілмектер: олжа, кісі, адам

Бағы тайған адамды
Түйе үстінен ит қабар.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, адам, бақ

Ауыр жол— атаңды сынайды,
Ауыр іс — адамды сынайды.

Ілмектер: адам, сынақ, іс, жол, ата

Сырын білмес адамға
Сырыңды айтпа.
Сырын білмес атанға
Жүгіңді артпа.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, сыр, адам

Екі тізгін жоқ болса,
Ат басын адам бұра алмас.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, адам

Ат қартайса,
Есекпен достасады.
Адам қартайса,
Төсекпен достасады.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, адам, қартаю

Кәрі ағаш — бұтағымен,
Кәрі адам — ұрпағымен.

Ілмектер: кәрі, адам, ағаш

Жаман көлдің суы ащы
Жаман адамның тілі ащы.

Ілмектер: жаман, адам, тіл

Сусыз жердің шөбі сұйық,
Суайт адамның сөзі сұйық.

Ілмектер: жер, егіншілік, адам

Ағын су жолын табады,
Ақ адам оңын табады.

Ілмектер: су, адам, ақ

Ат болатын құлынның,
Бауыры жазық келер,
Адам болатын баланың,
Маңдайы жазық келер.

Ілмектер: төрт түлік мал, адам, бала

Ат болар тай саяққа үйір,
Адам болар бала қонаққа үйір.

Ілмектер: адам, бала, қонақ

Құс балапаны үшін тұзаққа түседі,
Адам баласы үшін азапқа түседі.

Ілмектер: адам, бала, тұзақ, азап