Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (31) Жоспарлар (2)

Сағындым ғой...

Сағындым, бала кезді ойнақтаған,
Бала боп ойнапты атам, ойнапты анам.
Шіркін-ай, жақсы екен ғой балалық шақ,
Уайым, ешнәрсені ойлатпаған.

Толық

Сағыныш...

Жүрегіме шоқ болып түсіп, өртедің барлық тамырды,
Сағыныш сезім жүректі шарпып, қуаты мықты, жалынды....
Сол сағынышты сөндірем енді, сөндірем енді қалай мен?
Маған беймәлім тылсым бір күшпен тағатсыз сені сағынды.

Толық

Сағындым

Маздап тұрған сағындым жанарыңды,
Бəрін сөзсіз ұқтырған қабағыңды.
Сол кездерді сағындым жалын атқан,
Жеңдірген бір жүрекке бар ақылды...

Толық

Сағындым, жайық

Сағындым сені, Жайық, алма бақты,
Өткізгем өз бойыңда жастық шақты.
Сүюші ем төңкерілген толқыныңды.
Сылқылдап соғып жатқан жарқабақты.

Толық

Сағындым

Жазық дала жасыл нулы,
Белдеріңді сағындым.
Жәрменкедей жазғытұрғы,
Көлдеріңді сағындым.

Толық

Арманым болдың кәдімгі

Арманым болдың кәдімгі,
Адайдың айбар бір ұлы.
Құштарлық басты жанымды,
Жүректе қайран жыр ұлып.

Толық

Рахымды жаныңды сағындым

Рахымды жаныңды сағындым,
Тәңірім сабырды өлшеген.
Үмітім бәрібір жағылды,
Сан рет сарылып сөнсе де.

Толық

Мәңгі мұң

Мама, сені сағындым.
Сағыныштан сары үміттей жайды ұғам.
Ең бақытты қайталанбас шағымның
Тұрады өзі қайғыдан.

Толық

Жалауы болған жанымның

Жалауы болған жанымның,
Сағындым, бәрін сағындым.
Самала желге жон төсеп,
Жатыр ма екен Нарын құм.

Толық

Сағындым

Жырымды алғаш тыңдаған
ауылымды сағындым.
Қош айтып қол бұлғаған
бауырымды сағындым.

Толық

Сағындым, сәулем

Ардағым деп аңсап келемін,
Арманым деп ән сап келемін.
Мақсат емес сенің алдыңда
Байлық пенен мансап дегенің.

Толық

Сағындым

Балалығым, бал тілді
Ерте күнді сағындым.
Әжем айтқан сан түрлі
Етегімді сағындым.

Толық

Ең алғашқы балалық

Ең алғашқы балалық
Махаббатты сағындым.
Ақыл айтқан даналық
Шапағатты сағындым.

Толық

Қой үстінде бозторғай

Қой үстінде бозторғай
Ұя салған кездер-ай.
Айтылмаған сөз қалмай,
Ұға салған кездер-ай.

Толық

Сағындым, айнам

Айттым сәлем, сәулеме, сен зерек деп,
Топтан орның өзіңнің бір бөлек деп.
Ақ атылас көйлектің жеңін тістеп,
Шықсын сәулем алдымнан көлбелектеп.

Толық

Сағындым, Жайық

Базарға қой айдаттым пұл ме екен деп,
Қояды қыздың атын ей-ей-еу Ұлмекен деп.
Бойыма түскен асым тарамайды,
Көңілі сол құрбымның ай-ау-ей кімде екен деп.

Толық

Сағындым

Сағындым ғой айдай ашық көздеріңді,
Жан жылытар жылы-жылы сөздеріңді
Қолыңды ұстап, тезірек сенімен жолықсам ғой,
Сағыныштың сезімін уытсам ғой.

Толық

Сағындым

Тай құлындай тебіскен,
Құрдасымды сағындым.
Оңашада отырар,
Сырласымды сағындым.

Толық

Сағындым

Жүрекке әкеп
Сағыныш дертін жамайтын,
Өтті ғой, міне,
Күрсініспенен талай күн...

Толық

Сағындым, аға, сізді

Ардақты әке, асыл жар жанұяға,
сіздей адам болса ғой әр ұяда…
Біз қиналсақ, "қарағым" деуші едіңіз,
жүрмін Сізді сағынып, Әди аға!

Толық