Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (34)

Бақыт қайда?

Бақыт қайда?
Бақыт мүнкін ақшама?
Өзіңде жоқ,бірақ бар-бар басқада.
Бақыт іздеп жүрсең егер досым-ау,
Дүние жайлы əңгімені бастама.

Толық

Өмір мәні

Жоғалып асыл сезімдер,
Әніне ерген қаланың.
Адамгершілігі көз ілген,
Хайуанға ұқсап барамын.

Толық

Оян

Оян, жастар! нұрландыр жас санаңды,
Шығыңдар мақсатсыз ойдан қараңғы
Әрекет қыл. мақсат құршы алдыңа
Елге пайдаң тиетіндей жарамды

Толық

Сүйікті қалам

Сүйікті Қызылордам, Алтын Ордам
Өлеңнен сый арнады мендей балаң
Еңсерген екі ғасыр уақытты
Құтты болсын туылған күнің, қалам!

Толық

Көзсіз өмір...

Көре алмас ең көз болмаса ақ таңды,
Көре алмас ең күн қызарып батқанды
Оранса да айнала гүл көктемге
Сезбейсің ғой ағаш бүршік атқанды.

Толық

Сәби монологы

Жаздың бір жайдарлы күні екен
Ол кезде ата-анам жас екен
Махаббат сезіміне мастанып
Кейіннен мен дүниеге келген екем

Толық

Басынан ол да өтер бұл өмір ғой.

Қиялданып басымды тасқа соққам,
Армандаумен жібек жіпке моншақ таққам,
Бірақ та өмір деген алдамшы екен
Ол қиялдан ащы дәм балын татқам.

Толық

Қазіргі ахуал

Қымбаттауда бәрінің де бағасы,
Халқымыздың болмай тұр-ау шарасы...
Шарықтаған бағалардан өзгерек,
Арзандаған адамдардың санасы.

Толық

Тіл-тірлігімнің айғағы

Тілім барда көңілім де жайдары
Қорласаңдар бәрінен де сол қайғы
Құрметтеңдер, биік ұстап мәңгілік
Себебі - тіл тірлігімнің айғағы.

Толық

қыран

Мен қыранмын - еркіндікті құп қөрген,
Мақтанатын қазақ деген мықты елмен.
Мен бар жердің несібесі молайып,
Мен бар жерге әрқашанда құт келген!

Толық

Ауыл

Тебіренсем, толғансам ауыл жайлы,
Ауыл жайлы...мейірбан қауым жайлы.
Мұржадан будақтаған түтін...шіркін!
Ондай жұпар еш жерден табылмайды!

Толық

Оян, қазақ

Оян, қазақ! Көтер, қәне, басыңды!
Өркениетке көрсетпеші жасыңды.
Тақымыңа қысып алып ғасырды,
Эверестке шығар енді тасыңды.

Толық

Толқындар

Бұл заманның жылдам жылжып жатқанын,
Өткенін сəт,əр минут,сағаттарым.
Толқындарға үңілгенде байқаймын.
Ойыммен бір толқыған бұлақтарым...

Толық

Мұқағали Мақатаевқа

Өлеңімен көрсеткен шыншылдығын, паңдығын,
Әсерменен жеткізген шырайлы күн, таң нұрын.
Қисынымен келіскен әрбір буын, тармағы,
Сырын шертіп, көрсеткен қуанышын, бар мұңын.

Толық

Қазақ болып туғаныма мақтанамын

Қазақ болып туғаныма мақтанамын
Бабамның қайсарлығын сақтағанмын
Ойда жоқта еліме қауіп төнсе
бар күшіммен ұрысқа аттанамын

Толық

Анаңды сүй

Анаңды сүй,қабағына қара соның
Еш уақытта қарсы келме,кеспе жолын
Уақыт тап болмасада бос қолың
Себебі жұмақ жатыр аяғында оның

Толық

Іздеме мені

Іздеме мені көктен де,
Қарама артқа,өткенге,
Оралмас қайтып бұл көктем,
Жасыңды көл ғып төксең де,

Толық

ТӘУЕЛСІЗДІК

Жарқырап жұлдыз туды елімізде,
Түсіріп жарық сәуле жерімізге.
Оқып өсіп мыңнан бір озып шыққан.
Атадан батыр туған еншімізге.

Толық

Желтоқсанның желі, аязы, ызғары

Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

Толық

Жан анама

Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде
Сенің салған сара жолды жалғағам.

Толық