Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (105) Өлеңдер (184) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (44) Ұлағатты сөздер (30) Әзіл, анекдоттар (7)

- Әке, сіз маған түсімде кішкентай шоколад сатып алып беріпсіз.
- Балам, бұзықшылық жасамай, тәрбиелі болсаң, түсіңде үлкен шоколад та сатып алып беремін.

Ілмектер: әке, бала, түс

Ағарған шаш
Баласы қайта қайта бұзықтық жасап, мектепке шақырылған әкесі баласына қарап:
- Сен есейіп қалдың, енді ақылды бол балам! Сен еркелігіңді көрсетіп, бұзықтық жасаған сайын шашым ағаруда. Әкеңе жаның ашыса, енді гәрі ақымақ болма балам, жарай ма?! - дейді. Сонда баласы:
- Бәсе, неге атамның шашы аппақ десем, атама жаныңыз ашымаған екен ғой, - деген екен.

Ілмектер: Ағарған шаш, шаш, Мектеп, бала, әке, ата

Әкеден естіген ақылым күнделік жаз, сосын ол күнделігің 20-30 жылда әсемделіп, көркемделіп, сенің жеке өмірлік кітабың болады. Мен оған «оны онсызда екі иықтағы періштелер жазуда ғой» мен несіне әуре боламын дедім.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, әке, ақыл, күнделік, кітап, періште, жазу

Баласы мен анасы:
— Шеше, неге әкеміздің басында шашы өте аз?
— Себебі ол көп ойлайтын ақылды адам.
— А-а! Ал сенің шашың неге көп?
— Көп сөйлемей тамағыңды іш!

Ілмектер: шаша, ақыл, ана, бала, әке

Баласы әкесінен:
— Әке, ақша деген немене?
— Ақша деген — қымбат көлік, зәулім сарай, кофе және сұлу қыздар!
— Ал ақша жоқ болса, не болады?
— Ақша жоқ дегеніміз — автобус, жатақхана, қара шай және сенің шешең...

Ілмектер: ақша, бала, әке

Әкесі жігіт болып қалған баласына қатты ұрсып жатыр:
— Апыр-ай, бір күннің ішінде, бар болғаны бір күннің ішінде осыншама ақымақтық жасағаныңа таңым бар...
Баласы:
— Несіне таңданасыз? Мен өте ерте тұрамын ғой...

Ілмектер: әке, жігіт