Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (39) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (48) Ұлағатты сөздер (3) Әзіл, анекдоттар (3)

Ұры иесі жоқ үйге түсіпті. Заттарды қаптап жатса, тордың ішіндегі тотықұс:
- Кеша бәрін көріп тұр. Кеша бәрін көріп тұр! – деп қақсап отыр екен.
Ұры торды орамалмен жауып тастапты.
Тотықұс:
- Кеша деген мен емес, Кеше деген — төбет. Кеша, фас! — деген екен.

Ілмектер: тотықұс, ұры

Супермаркетке кіріп ештеңе алмай шыққанымда, сатушы түгілі өзім күмәнданам өзімнен:
- Бірдеңе іліп кетпедім бе? - деп.

Ілмектер: сатушы, ұры

Баяғыда бір бай болыпты. Қорасы қойға толы, шарасы майға толы екен. Бір күні байдың қорасындағы малына ұры түседі. Ұрыны ұстап алып.
- Атың кім? - деп сұраса
Ұры:
- Әрине - деп жауап береді.
- Не істеп жүрсің? - десе, тағыда әрине деп жауап беріпті.
- Елің қайда? - десе
"Әрине" - деп айта беріпті.
Сонда бай:
- Мынаның есі дұрыс емес шығар жіберіңдер. - деп босатады.
Сонда ұры:
- Қойға келген ұры едім, әринемен құтылдым деп қашып кетіпті.

Ілмектер: әзіл, ұры, бай