Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (27) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (10) Әзіл, анекдоттар (5)

- Шашыңызды қалай алайын?
- Үндемей!!!

Ілмектер: әзіл, анекдот, шаштараз

Шаштараз трейдердің шашын алып жатыр екен.
— Биржада жағдайларыңыз қалай?
— Бәрі ойдағыдай... 2-3 минуттан кейін тағы
— Биржада жағдайларыңыз қалай?
— Рахмет, барлығы ойдағыдай... тағы 2-3 минуттан кейін
— Биржада жағдайларыңыз?
— Жақсы дедім ғой, неге бір сұрақты қайталап сұрай бересіз?!
— Түсінесіз бе, сізден осы сұрақты сұраған сайын шашыңыз тікірейіп кетеді, қиюға ыңғайлы.

Ілмектер: шаштараз, әзіл

Бір күні жындыханада бір жынды өлем деп талға арқан байлап беліне байлаган екен. Сонда бір дәрігер келіп:
- Не істеп тұрсың? - депті. Әлгі жынды:
- Өлгім келед. - Дәрігер:
- Өлгің келсе арқанды белге емес мойныңа байласай. - Жынды:
- Байлап көрдім, ауа жетпей кетті. депті

Ілмектер: жындыхана, әзіл

Баяғыда бір апамыз жетінші күйеуге тиіп бара жатып:
- Өстіп жүріп бұзылып кетпесем болды ғой! - депті.

Ілмектер: апа, әзіл

Баяғыда бір бай болыпты. Қорасы қойға толы, шарасы майға толы екен. Бір күні байдың қорасындағы малына ұры түседі. Ұрыны ұстап алып.
- Атың кім? - деп сұраса
Ұры:
- Әрине - деп жауап береді.
- Не істеп жүрсің? - десе, тағыда әрине деп жауап беріпті.
- Елің қайда? - десе
"Әрине" - деп айта беріпті.
Сонда бай:
- Мынаның есі дұрыс емес шығар жіберіңдер. - деп босатады.
Сонда ұры:
- Қойға келген ұры едім, әринемен құтылдым деп қашып кетіпті.

Ілмектер: әзіл, ұры, бай