Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (12) Өлеңдер (20) Мақал-мәтелдер (47) Ұлағатты сөздер (4) Әзіл, анекдоттар (1)

Қожанасыр жолда келе жатып жаңғақ ағашының астына көлеңкелеп отырады. Ағаштың маңында асқабақ бақшасы бар еді. Қожа: «Мына табиғаттың қызығын-ай асқабақтың сабағы кіп-кішкентай бірақ жемісі менің қапшығымдай үп-үлкен. Ал мына діңгегі қалың еңгезердей ағаштың жемісі болса есектің көзінен де кіп-кішкентай» деп іштей ойлайды. Ол осылай ойлап отырғанында басына тарс етіп бір жаңғақ түседі. Шекесі қызарып қалған қожа жаңғаққа бір, асқабаққа бір қарап: «Тәубә, сөзімді кері алдым. Астында отырған мына ағаш асқабақ ағашы болғанда қайтер едім» деген екен.

Ілмектер: Қожанасыр, ағаш, асқабақ, жаңғақ

Жүктелуде...