Өлең, жыр, ақындар


Ұзын сабалақ есiк ашты,
Қара домалақ тұра қашты.

Түйенің құмалағы



Дүниеде ағаш бар бек жайлаған,
Жанына адам барса ойбайлаған,
Ағаштың адам білер мінезі бар,
Мінгесіп екі бала той-тойлаған.

Түйе және оның өркеші



Өреді қайраңдап,
Келеді байпаңдап.
Қарғып түсіп өзенге,
Малтиды тайқаңдап.

Қаз



Қық-қық етеді,
Кезіп жүріп көшені.
Жата қалса орнына,
Ақ доп тастап кетеді.

Тауық



Судан шықса баладай,
Тәй-тәй басып қалады-ай.

Қаз



Қанаты бар,
Қауырсыны жоқ.

Жарқанат



Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды,
Көзі шамға ұқсайды.

Жапалақ



Аяғы түйеге ұқсайды,
Құс болса да ұшпайды.

Түйеқұс



Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Өсекшіге ұқсап,
Құйрығы ұзын, ала.
Бұл қандай құс, бала?

Сауысқан



Сөз үйретсең қайталайды,
Өздігінен айта алмайды.

Тоты



Күндегі тамағы –
Балықтың шабағы.
Теңізге барғандар,
Жағадан табады.

Шағала



Садақша мойнын иілтіп,
Көрген жанды сүйсінтіп,
Жүзгенде көлдің сәні өзі,
Судағы құстың нәні өзі.
Жердегі құстың серкесі,
Көктегі құстың еркесі.

Аққу



Жапанның желдей жүйрiгi,
Жетедi көктiң бұйрығы.
Жеткенде бұйрық, апыр-ай,
Шошаңдай берер құйрығы.

Бүркіттің қоян алуы



Япырым-ау, бір мақұлық осындай-ау,
Қасында екі сойыл емес жаяу,
Шабатын өткір оның қылышы бар,
Қолына түскен жанды болмайды аяу,
Жымқырып қиып алып шықса кәне,
Аспанның ол бір түрлі нажағайы-ау.

Бүркіт



Қанаты бар, ұшпайды,
Адам қолда ұстайды.

Асыранды қаз



Көкте ұшады тізіліп,
Жұрт қарайды қызығып.

Тырналар



Жандылардың ірісі,
Тек мұхитта тынысы.

Кит



Тұла бойы – ине,
Тұмсығында – түйме.

Кірпі



«Айдалада ақ отау,
Аузы-мұрны жоқ отау».
Үн естіліп: «Тық-тық!» – деп,
Жарылды кенет быт-шыт боп.
«Шиқ-шиқ!» деген әні бар,
Шықты ішінен жануар.
Сап-сары жүні үлпілдек,
Ойлайсыңдар бұл кім деп?

Жұмыртқа мен балапан



Асты-үсті өндір тас,
Ортасында кендір бас.

Тасбақа