Өлең, жыр, ақындар


Тілден ұшып,
Құлаққа қонады.

Сөз



Бір жыланды таяққа іліп алдым,
Ерге қона, пайдасын біліп алдым.

Қамшы



Есімінде екі сөз бірігіпті,
Балалар бірін ұқпай, бірін ұқты.
Ақпанда Арқа жақтан барған кісі
Бұл қала тұрған маңда жылыныпты.

Шымкент



Алаудай туымыздың түсіменен
Есімін бұл қаланың мүсіндеген.
Күрішті, ырысты деп және айтамыз,
Ұл-қызы атына дақ түсірмеген.

Қызылорда



Жетісу мен Арқаның арасында,
Сынаптай көлбеген көл жағасында.
Орналасқан қаланың есімі де
Көл аттас, ойлансаң, сен, табасың да?

Балқаш



Тауы жоқ маңайында, қырат бәрі,
Бұл қала тау есімді бірақ тағы.
Қорытқан шойын, болат домнасының
Табысы тау міндетін тұр атқарып.

Теміртау



Аты оның тәтті жеміс есіміндей,
Жемісі халқының мол несібіндей.
Білмесең бұл қаланы, онда сенің
Қалады қателігің кешірілмей.

Алматы



Аяқтарым қалтылдап,
Қос тай міндім жалтылдақ..
Шапса, жұбын жазбайды,
Бір-бірінен озбайды.

Коньки



Дауысы бар, жаны жоқ,
Шертсең күйі, әні көп.
Құлағын он бұра.
Ол не?....

Домбыра



Торы тай,
Табанында төрт ай.

Таға



Елқорғайтын ерліке
Әуенімен шақырған.
Батылдыққа, елдікке
Әуенімен шақырған

Дабыл



Он екі бием бар еді, алтауы буаз,
Екеуі неғайбыл, екеуі тесік өкпе,
Екеуі күн қақты.

Қойда он екі мүше бар. Алты буаз бие деген ішінде майы бар алты жілік - екі асықты, екі тобықты, екі ортан жіліктер. Тесік өкпе – екі жамбас, күн қақты –екі жауырын.