Өлең, жыр, ақындар


Сымға асылып,
Жүр асығып.
Дыз-дыз етіп жүрегі,
Сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді,
Ол не, ал кім біледі?

Троллейбус



Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,
Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп.

Поезд



Аспанда жүзеді,
Қанатын қақпайды.
Жерде де жүреді,
Бауырлап жатпайды.

Ұшақ



Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.

Зымыран



Екі басты айдаһар
Бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп.
Қағазды жеп қояды.

Қайшы



Інді көп-ақ қазады,
Өзі шыға қашады.

Біз



Жалғыз аяқ, тілік ерін.
Тұмсығында найзасы бар.
Киімдерді тігіп керім,
Адамға көп пайдасы бар.

Іс машинасы



Гүлдері бар құлпырған,
Кең жазықтан аумайды.
Оған әркім ұмтылған,
Киім киер оңтайлы.

Мата



Қазша қанатын жаяды,
Үйрекше мойнын созады,
Құсша қонады.

Ұшақ



Шайқап басын,
Бір төмен, бір жоғары,
Тұрса ол, Тосын
Үйде самал соғады.

Желдеткіш



Бір басы — қамал,
Бір басы жәй ашық,
Аяғы төртеу,
Алаңы — самал,
Жатқанға жақсы жайласып.

Кереует



Белбеуі шынжырдан,
Су тартады шұңғылдан.

Шығыр



Қолға алсаң, қызмет етер,
Бүтінді
Бөлшектеуге шебер.

Пышақ



Жалыңды үрлеп шалқытады,
Темірді бірлеп балқытады.

Көрік



Қыздырып соқсаң иленеді,
Балға мен төстен именеді.

Темір



Тасты қияқ,
Батыл басар,
Темір тұяқ.

Таға



Қара батыр,
Бұғып жатыр.

Қақпан



Басып қалсаң түндікті,
Шап етеді бір мықты.

Қақпан



Қысқаштай сабы бар,
Қос садақ жағы бар.

Қақпан



Қос жағы бар,
Бір сабы бар.
Бассаң тілін,
Сарт етіп жабылар.

Қақпан