Өлең, жыр, ақындар


Сырт жағына зер жiппен,
Көз тартатын көрiкпен.
Ою-өрнек бастырған,
Шалқасынан тастаған,
Кәдiмгi сырлы тостаған,
Қойсаң егер төңкерiп,
Төңiрегiн көмкерiп,
Тостағандай бос тұрған,
Киiз үйден аумайды,
Басқұрмен бастырған.

Тақия



Әшекейлi күбiнi,
Үюлi тұрған шөмеле,
Кигiздiм биiк төбеге.

Сәукеле



Әкем ақ тауын,
Ақ шарбымен орады.

Сәлде



Ортасы күмбез,
Жиегiн көмкерген.
Етегi желкендей,
Киiм едi ол нендей?

Кимешек



Қыста,
Шығарда тысқа,
Құлағы салпақ,
Құйрығы жалпақ,
Төбесi жайпақ,
Түктi маңдайы тайпақ,
Iшi мамық байпақ.
Қара орманды қаптадым,
Сөйтiп жан сақтадым.

Тымақ



Дорбаға тығып, бас бағын,
Байлай салдым қос жағын.

Тымақ




Адамның сәнi,
Онсыз жоқ мәнi.

Киiм



Гүлдерi бар құлпырған,
Кең жазықтан аумайды.
Оған әркiм ұмтылған,
Киiм киер оңтайлы.

Мата



Аузы бар, тісі жоқ,
Ештеңемен ісі жоқ.
Аяққа ілсең жүреді,
Өздігінен күші жоқ.

Кебіс



Бәрін-бәрін білесің;
Бас, аяқты, кеудені.
Үнемі сен
Тұмшалаумен жүресің.
Қыста аязда берілмей,
Емін-еркін күлесің.

Қыс киім



Ерте тұрдым,
Екі айыр жолға түстім.

Шалбар