Өлең, жыр, ақындар

  • admin
  • 09.10.2015
  • 1
  • 0
  • 2726


Өткен ғасырдың 60-шы жылдары екінші сынып оқушыларына төмендегі жұмбақ ұсынылған. Суретке мұқият қарап 6 сұраққа жауап беру керек:

1. Кеме ағынмен жоғары немесе төмен қарай жүре ме?

2. Жылдың қай мезгілі бейнеленген?

3. Өзен осы жерде терең бе, таяз ба?

4. Айлақ алыс па?

5. Айлақ өзеннің қай бетінде орналасқан (оң, сол)?

6. Суретші күннің қай уақытын бейнелеген?

Оқулықтың жауаптары:

1. Бакендер орнатылған ағаш ұшбұрыштар ағысқа қарсы орнатылады. Яғни кеме өзенмен жоғары жүзіп бара жатыр.

2. Суретте құстар бейнеленген; олар бұрыш түрінде ұшып бара жатыр, бұрыштың бір жағы қысқарақ: бұл тырналар. Тырналардың топтасып ұшуы көктемде немесе күзде болады. Тырналар оңтүстік жаққа ұшып бара жатыр. Демек, суретте күз бейнеленген.

3. Өзен бұл жерде таяз, матрос фарватер тереңдігін сырық арқылы өлшеп тұр.

4. Кеме айлаққа жақындаған: бір топ жолаушы заттарын алып, кемеден түсуге дайын болып тұр.

5. 1-ші сұраққа жауап беру арқылы біз өзеннің ағысын анықтадық. Өзеннің оң немесе сол жағасын анықтау үшін ағыс бойына қарап тұруымыз керек. Кеме айлаққа жақындағанын білеміз. Жолаушылар біз суретке қарап тұрған беттен түсуге дайындалып тұр. Яғни, ең жақын айлақ өзеннің оң жақ жағасында орналасқан.

6. Бакендерде шамдар орнатылған. Оларды кештен алдын қойып, таңда алады. Малшылар малды ауылға айдап бара жатқаны көрініп тұр. Яғни суретте кешкі мезгіл бейнеленген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарап көріңіз

Басқа да бөлімдер: