Өлең, жыр, ақындар

Сайтқа қалай ашық сабақ, тренинг, жоспар т.б жариялаймын?

Сайтқа кіргеннен кейін, сайттың оң жақ жоғарғы бұрышында Логиніңіз және Материал қосу деген сілтемелер пайда болады. Сайтқа материал қосу үшін осы Материал қосу деген сілтемені басасыз. Бұл сілтемені басқаннан кейін төмендегі суретте көрсетілгендей сілтемелер ашылады:

Сайтқа материал (ашық сабақ, тренинг, жоспар т.б) енгізу үшін, жоғарыдағы суреттегі ең соңғы, яғни "Ашық сабақ қосу" сілтемесін басасыз. Бұл сілтемені басқаннан кейін сайтқа материал енгізу беті ашылады, суретте:

 

Жоғарыдағы суреттегі әр ұяшықтың қалай толтырылу керек екенін көрсетейік:

1) Тақырып ұяшығы - бұл ұяшыққа сабақтың тақырыбын жазасыз, мысалы: Графикалық редактор PAINT

2) Сурет жүктеу - бұл ұяшыққа сабақты әрлеу үшін, сабаққа қатысы бар кез-келген суретті қоя аласыз. Бірақ, сурет жүктеу міндетті емес. 

3) Қысқаша ұяшығы - бұл ұяшыққа материал не туралы, соны қысқаша жазасыз. Мысалы: Оқушыларды Paint бағдарламасымен таныстыру, өткен сабақтарды қайталау.

4) Мәтін ұяшығы - бұл ұяшыққа материалыңызды толығымен жазасыз. ЕСКЕРТУ: Материалды ворд файлдан көшірген кезде, егер материалыңызда сурет болатын болса, ол суреттер көшірілмей қалады. Сондықтан материалдағы әр суретті бөлек-бөлек жүктеу керек. Төменде суретте көрсетілгендей:

Редактордан суреті бар (сарымен бояп көрсеттік) белгіні басасыз, сол кезде төмендегідей терезе ашылады, сол жерден "Загрузить" деген вкладканы таңдайсыз:

Сосын осы терезедегі "Обзор" деген батырманы басып, өз компьютеріңіздегі жүктейтін суретті белгілейсіз, содан кейін "Загрузить на сервер" деген батырманы басасыз, содан кейін "Ok" батырмасын басасыз.

5) Категория ұяшығы - материалыңыз қай категорияға жатса, сол категорияны таңдайсыз. Мысалы: Информатика

6) Ілмектер ұяшығы - бұл ұяшыққа ілмек ретінде материалға қатысты 2-3 сөз жазасыз. Мысалы: информатика пәні, paint бағдарламасы

Жоғарыдағы көрсетілген ұяшықтардың барлығын толтырып болғаннан кейін, Жариялау батырмасын басып, материалыңызды сайтқа жариялайсыз



Пікірлер (221)

Nurmakanbet

Оте керемет екен керек маглумат акпараттар 

Nurmakanbet

Оте керемет екен керек маглуматтар акпараттар бәрекелді осындай улттык сайттар кобейе берсин ризамын!!!!!!!!!!!

 

Айгуль

өте жақсы

Айгуль

өте жақсы сайт екен

өте жақсы кереті мағлұмат көп екен

өте жақсы кереті мағлұмат көп екен

Ұлтуған

Мен осы сайттың ашылып мұғалімдер үшін жұмыс істегеніне ризамын.Сайтта керемет материалдар көп екен. Рахмет сіздерге.

Ұлтуған

маған сайт ұнады

Nauryz96

Ал қалай ақылы жариялауға болады

Myrza

тамаша

gulzadaergazieva

Мәтінді қалай көшіріп аламын

Ораз

ctrl c ctrl v

Пікір қалдырыңыз