Алла тең, ешкімді артық жаратпаған
Алла тең, ешкімді артық жаратпаған,
Туған жоқ елден ерек қанатты адам.
Кеудесін керіп тұрған біреу көрсем,
Жел кеуде сорлы ма деп қарап қалам.
Алла тең, ешкімді артық жаратпаған,
Туған жоқ елден ерек қанатты адам.
Кеудесін керіп тұрған біреу көрсем,
Жел кеуде сорлы ма деп қарап қалам.
Беймарал туған жердің даласында,
Бұлдырай ақ сағымның арасында.
Күнара әжеме еріп, жусан теріп,
Қайтушы ем сәске түстің шамасында.
Қаздай қалқып қаңқылдап күндер өтті,
Күндер өтті, тербеумен түндер өтті.
Жауқазыным, жалыным, жастық отым,
Жастық отым жарқылдап бірге кетті.
Қысқарған күндей қысқарып ғұмыр барады,
Артыңда қандай айтарлық ісің қалады.
Базарлы шақтар базардай кешкі тарады,
Апанда жатқан арыстандай болдым жаралы.
Солқылдатса тамырда от кеселі,
Сағыныштың самалы іште еседі.
Ауық-ауық терезеге қараймын,
Қайда достар, қайда туыс кешегі.
Қою керек еркеліктің барлығын,
Жақындады жасамыс шақ, жарлы күн.
Бойдан қуат, буыныңнан әл кетсе,
Кімге керек, серілігің, салдығың?
Қайда менің кешегі сыйластарым,
Қайда менің ет-бауыр қимастарым.
Еске түсіп жанымды елжіретіп,
Еңіретті-ау маңдайға сыймастарым.
Амандық бер, бір Алла, балаларға,
Қайғы салма ата мен аналарға.
Байлық, бақыт, кедейлік кемдік емес,
Тойсам тоба қара су, қара нанға.
Қайтыңдар атақонысқа,
Қайтыңдар туған еліңе.
Қозғалып жатыр орыс та,
Қара орман мүкті жеріне.
Құдайдан сұрап тұрмын,
Қол жайып жылап тұрмын.
Бұл күнге жету үшін
Қанша рет құлап тұрдым.
Шексіз әлем он сегіз мың ғаламды,
Жаратушы жан-жануар, адамды.
Құдіреті шексіз Алла, ғұмыр бер,
Қуат бергін жарқыратып санамды.
Аруағыңа бас идім, Жаныс бабам,
Атақ-даңқың жасымнан таныс маған.
Шапырашты бабаммен немересің,
Ұрпағыңнан жайым жоқ алыстаған.
Арысым, ақ пейілім, Абайым-ай,
Жас толар сені ойласам жанарым-ай!
Ағалап жарқ-жұрқ етіп жүруші едің,
Жұлдызың ерте сөнді-ай, қарағым-ай.
Бәйдібектің ұрпағы Жауғаш батыр,
Жау басына орнатқан заман ақыр.
Туған жердің торқалы топырағын,
Жамылғалы болыпты екі ғасыр.
Мен әке де, сен ана он балаға,
Көшіп келдік у-шуы мол қалаға.
Бақыт, байлық бастағы – жалғыз өлең,
Тәуекелге бел бумай жол бола ма?
Ойнама тағдырмен, ойнама,
«Тағдырым қолда» деп ойлама.
Ғайыптан тауға да шығарып,
Алтын тәж таққа да мұра ғып.
Мәңгілік бақыт болмайды,
Басыңа мәңгі қонбайды.
Мәңгілік емес тағы да,
Басыңа түскен сор-қайғы.
Опасыз жалған дүние,
Дүние үшін күйіне берме, күйіне.
Қонақ екеніңді ұмытпа,
Өзіңнің тіптен үйіне.
Өресі биік жартас ем, өсекшілерден үгілдім,
Қайғысын қара халықтың көтере алмай бүгілдім.
Адамдар түгіл аңды да дос етпек едім тіл тапсам,
Есеппен ғана дос болған есерсоқтардан түңілдім.
Бәрін де ғазиз жүрек көтереді,
Дертіне болмаған соң етер емі.
Шын сүйсең, жүрегімнің дүрсілі де,
Бір сенің құлағыңа жетер еді.
Жастығым-ау, қайта айналып келсейші,
Құшағыма от жалын боп енсейші.
Өмірімнің көктемі едің, көркі едің,
Құдіретіңмен жанға қуат берсейші.
Қызықтырмас ешкімнің дәулеті де,
Қызықпадым салтанат сәулетіне.
Амандығын тілеймін Адамзаттың,
Аманшылық бере гөр Әулетіме.
Ысқылай берсең мысың да,
Алтындай болып жарқырар.
Бірақ та алтын емес қой.
Селдете сел де сарқырар,
Абызы болдың халықтың,
Аңызы болдың халықтың
Бірісі болдың алыптың,
Ірісі болдың алыптың,
Сырбазым-ай, аспайтын, таспайтын да,
Сырбазым-ай асығып, саспайтын да.
Алқа топқа ой салып салиқалы,
Ортақ іске өзің ең бастайтын да.
Сәкен ақын, құрдасым, ақындығың ғажайып,
Ғажайыпқа бүгін күн арнап өлең жазайын.
Ақындарға серілік тұрушы еді жарасып,
Серілігің алпыста кеткендей ме азайып?
Дауыс бер, халқым, ұлыңды наза етпегін,
Бірлігің болса арманды күнге жеткенің.
Алауыз болсаң алақан жайып қаласың,
Даналар сөзі, бұл – сөзім емес тек менің.
Тоқтамас тылсым дүние керуені,
Бұл неткен шетсіз-шексіз шеру еді.
Бұл шеру адамзаттың ұрпағының,
Өмірден өтуі мен келуі еді.
Домбыраңды әкелсем шертесің бе, бауырым,
Жүрегің мұз, тәнің күз, ертесің бе, бауырым.
Жырыңменен жұбатып әлдилеуші ең әлемді,
Қалай сыйып жатырсың жер төсіне, бауырым.
Кештік талай өзенді,
Көрдік қилы кезеңді,
Кешіп жүріп өзенді,
Шөлдеп ернім кезерді.
Жатқан жерің жаннаттай әуе теңіз,
Жан ауырса рухынды сәуе етеміз.
Өзің ғана үш жүздің бас тәуібі,
Құртқа бабам, басыңа тәу етеміз.
Атан түйе өркешінен екі иығы асатын,
Айбарынан адам түгіл арыстан да қашатын.
Қарасайдай қас батырдың, бас батырдың ұрпағы,
Наурызбайдың аты аталса қалмақты үрей басатын.
Қолдасын Аруағың, батыр бабам,
Рухың өзгелерден жақын маған.
Қол жайып қысылғанда бір өзіңе,
Келеді ғұмыр кешіп ақын балаң.
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі