Өлең, жыр, ақындар

Тарпаң

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2191
Последний тарпан погиб в 1879 году
Борис Алмазов.

Қанаттанып қиялы
Қырат шерткен күйменен,
Қара тасты тұяғы
Қамырдайын илеген,
О, тарпаң-ай, тарпаң-ай!
Алай-дүлей дауылда
Ана-дала тербеген,
Апта жауған жаңбырда
Жалы жатып көрмеген,
О, тарпаң-ай, тарпаң-ай!
Тер басқанда
Сауыры
Жылт-жылт етіп құндыздай,
Жазылып бір бауыры
Зымыраған жұлдыздай
О, тарпаң-ай, тарпаң-ай!
Мал боп кеткен туысты
Менсінбедің, не болды?!
Жылқы жайған ұлысты
Елсінбедің, не болды,
О, тарпаң-ай, тарпаң-ай!
Бермегенді
Қарысып
Алам дедің, не болды?!
Желмен жалғыз жарысып
Қалам дедің, не болды,
О, тарпаң-ай, тарпаң-ай!
Қуғыншыға шалдырмай
Кетем дедің, не болды?!
Жүген-құрық салдырмай
Өтем дедің, не болды,
О, тарпаң-ай, тарпаң-ай!
Туып-өскен өңірден
Түгел құртты тегіңді.
Абыройсыз өмірден
Артық көрдің өлімді,
О, тарпаң-ай, тарпаң-ай!
Толғандырмас ел қамы
Талай-талай жүр масыл...
Сендер опат болғалы
Міне, бүгін бір ғасыр,
О, тарпаң-ай, тарпаң-ай!
Жан-жануар аңсаған
Жұмақ тірлік жеткенде...
Қайғырамын мен саған
Өзім құрып кеткендей,
О, тарпаң-ай, тарпаң-ай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ғашық

  • 0
  • 0

Сен не дейсің?
Ағайын, ол не дейді?
Көп дүние ол үшін көлегейлі.
Сүйгенінің қасында,

Толық

Болжам

  • 0
  • 0

Құм менен тас кірігіп,
Құрлық пайда болыпты.
Тікен мен гүл бірігіп
Тірлік пайда болыпты.

Толық

Сары парақ

  • 0
  • 0

Дүбірлеткен далада,
Қыраттарда
Қызығамын құлан мен құр аттарға.
Қызығамын

Толық

Қарап көріңіз