Өлең, жыр, ақындар

Бір әңгіме тыңдашы, ұлан, менен

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1491
Бір әңгіме тыңдашы, ұлан, менен.
Жекжаттығым жоқ емес бұланменен.
Тамырласпын,
Тектеспін тарпаңменен,
Тағдырласпын,
Түздеспін құланменен.
Кей кездерде түспейтін барыстан кем,
Өліп кете жаздаймын намыстан мен.
Жеті атадан қосылам жолбарыспен.
Алты атадан қосылам арыстанмен.
Тағдыр қолы жақсылап сілкігенде,
Аз болмайды құсаның бұлты менде.
Ақ аюдың өзімен ағайынбыз,
Ағайынбыз айлакер түлкімен де!
Осылай деп атапты алаш атам,
Туыстықпен сұлу ғой тамаша таң,
Қоңыр қазбен бөлемін,
Айдындағы
Аққу ару — ол менің нағашы апам.
Біздер үшін көз жасы тамшылаған
Табиғат бір кәрі әже,
Шамшыл ана...
Бәрі маған туысқан аң мен құстың,
Құныкерім сияқты аңшы маған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арғымаққа жақын тұрар ақындар

  • 0
  • 0

Арғымаққа жақын тұрар ақындар.
Атың болса — жырағың да жақындар.
Басқаларша
Жүйрігіне заманның

Толық

«Қарбыз»

  • 0
  • 0

Шашсыз жүр деп басқалар,
Алдырып ем шашымды.
Құрдасымның оспадар
Қылығына ашындым.

Толық

22 июнь және 9 май

  • 0
  • 1

Ер азамат ерте өлуге зәру ме?!
Оған қызық өмір сүру арумен.
Бүгін бізді қорқытуға мүмкін бе
Неше түрлі жан түршігер қарумен?!

Толық

Қарап көріңіз